Сайрам ауданындағы Қ.Жандарбеков атындағы мәдениет үйінде «Тәрбиелі жастар – қауіпсіз қоғам» атты жастар форумы өтті. Аталған форумға аудан әкімінің орынбасары А.Өсербаев, аудан прокуроры Д.Тлемисов, Сайрам ауданы білім бөлімінің басшысы Г.Тынымбаева, «Жастар ресурстық орталығы» КММ, ардагерлер мен мекеме басшылары, құқық қорғау органдарының қызметкерлері, ауданның бас имамы, ақсақалдар, депутаттар, белсенді жастар, мектеп оқушылары, желі белсенділері мен БАҚ өкілдері қатысты.
Форумды аудан әкімінің орынбасары А.Өсербаев ашып, жиынның мәнін түсіндіре отырып, жастар болашағымыздың алтын діңгегі екендігін атап өтті. Сонымен қатар жастар саясаты бағытында атқарылып жатқан іс-шараларға және нәтижесіне тоқталды.
Аудан прокуроры Д.Тлемисов сөз алып, жастарды жауапты, тәртіпті, елін сүйетін азамат болуға шақырды. Ауданның бас полицейі Б.Зиятаев аудан аумағында жастар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу бойынша атқарылып жатқан жұмыстарға тоқталып, жастарды жат қылықтардан аулақ болуға шақырды.
Полиция басқармасы бастығының бірінші орынбасары А.Сейтбеков өз баяндамасында жастар арасындағы қылмыс пен құқық бұзушылыққа сараптама жасап, оның алдын алу шаралары мен нәтижелерін тілге тиек етті.
Білім бөлімінің басшысы Г.Тынымбаева білім беру ұйымдарында балалар қауіпсіздігі, кәмелетке толмағандармен және оларға қатысты жасалған құқық бұзушылықтар бойынша қолданылған шаралар мен атқарылған жұмыстар туралы есебін оқыды.
Сайрам ауданының бас имамы А.Оспанов жастарды ізгілікке, имандылыққа және тәртіпті болуға шақырды. Полиция басқармасының бастығы Б.Зиятаев форумға белсене қатысқан аудан мектептерінің мұғалімдері А.Құрмантаева, М.Оразымбетова, А.Маханбетова және Ж.Шадырбековаларды алғыс хатпен марапаттады.
Іс-шара концерттік бағдарламаға ұласты. №20 С.Сейфуллин атындағы мектеп-гимназияның оқушыларының ұйымдастырған «Әлімжеттік әлегі» қойылымы форумға қатысушылардың сезіміне әсер етті. Мәдениет үйінің актёрларының көрермендерге ой саларлық театрландырылған көрінісі сахналанды.