Абыройлы ұстаз!

image.png

Жас ұрпақтың шығармашылық қабілетін шыңдап, өзіндік танымдық біліктілігін дамыта отырып, білім сапасын арттыруды өмірлік ұстанымы санайтын Сауран ауданы, Жаңа Иқан ауылы «Мектеп Жана Икан» жалпы орта білім беру мекемесінің ағылшын тілі пәнінің мұғалімі Надира Шерметова мектеп абыройын көтеріп жүрген жоғары санатты, ізденімпаз ұстаз!

Ол еңбек жолында бірқатар жетістіктерге жетіп, мектепшілік, аудандық сайыстарды әсте қалт жіберген емес. Надира Шерметова 2023 жылы Қазақстанның педагогикалық академиясы мен «мектеп» республикалық ғылыми әдістемелік, педагогикалық журналы ұйымдастырған «Үздік мұғалім» жобасында жұмысы үздік деп танылып, I дәрежелі дипломмен марапатталды.

Бүгінгі жас ұрпаққа білім нәрін сеуіп, бойындағы бар күш-жігерін шәкірт тәрбиелеуге жұмсаған еңбекқор Надира «Оқушылардың шығармашылық қабілетін дамыту» тақырыбында шығармашылық жұмыс жүргізіп, жаңа технология әдіс-тәсілдерін сабақта тиімді қолдана біледі. Сонымен қатар ол мектептегі қоғамдық жұмыстарға да белсене араласады. Ұжым ортасында беделді, үнемі жас мамандарға ақыл-кеңес беріп отырады. Кішіпейіл, қарапайым. Бес баланың аяулы анасы, сүйікті жар.

Надира Шерметова білімді де, білікті ұстаз. Олай деуіміздің тағы бір себебі, биыл ол жас ұрпаққа сапалы білім, саналы тәрбие берудегі игілікті істері және шығармашылық ізденістері арқасында өз шеберлігі мен біліктілігін жоғары дәрежеде танытқаны үшін арнайы «Құрмет» грамотасымен марапатталды.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Аудан әкімі этнос және қоғамдық ұйым өкілдерімен кездесті
  • Этносаралық шиеленістердің алдын алу маңызды
  • Тіл мерекесі аталып өтті
  • Бала тәрбиесі - қоғам назарында!
  • Ұлтты сүю - иманнан
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер