Елге сыйлы егіз педагогтар!

image.png

Ұстаздық- киелі әрі мақтан тұтарлық мамандық. Ұстаз - бала болмысына өзгеріс енгізуші,оған бағыт-бағдар беруші. Ұстаз болу әркімнің қолынан келе бермейді. Оқымысты Әбу Насыр әл-Фарабидің өзі "Ұстаз...жаратылысынан өзіне айтылғанның бәрін жете түсінген, көрген, естіген және аңғарған нәрселердің бәрін жадына жақсы сақтайтын, бұлардың ешнәрсені ұмытпайтын...алғыр да аңғарымпаз ақыл иесі, мейлінше шешен, өнер- білімге құштар, аса қанағатшыл жаны асқақ және ар-намысты ардақтайтын, жақындарына да, жан адамдарына да әділ..., жұрттың бәріне жақсылық пен ізгілік көрсетіп, қорқыныш пен жасқану дегенді білмейтін батыл, ер жүрек болу керек" деген екен. Әйтсе де, дән егіп өсіруден, балапан салып ұшырудан бала тәрбиелеп, мектептен үлкен өмірге қанат қақтыру-ең қиын іс. Бала жанының бағбаны - ұстаз атану - қиынның қиыны!

Жетісайда осы бір ұлағатты да қиын мамандықты игерген егіз педагогтар бар.   Асық ата кенті, Ж.Ералиев елді мекенінде 1989 жылы дүниеге келген егіздер - Айман, Шолпан Ниязбековалар бүгінде ұлағатты ұстаздар! Егіздердің мамандық таңдауда ойлары да бір жерден шығыпты. Бүгінді екеуі де ұстаз деген құрметті атаққа кір келтірмей, абыроймен қызмет атқарып келеді. 

Қазіргі таңда Айман Ырысқызы, Қазыбек би ауылындағы №17 «Түркістан» жалпы білім беретін мектебінде химия пәнінен сабақ береді. Өз пәнін жетік меңгерген ұстаз, химия пәнін үш тілде оқытады. Шәкірттері аудандық білім сайыстарында бірнеше рет жүлдегер атанған. А.Ниязбекованың «Химия сабағында оқушыларға сын тұрғысынан ойлауға үйретудің теориялық-практикалық шарттары» тақырыбындағы авторлық бағдарламасы жарық көрген. Ол аудандық семинарларда үздік ашық сабақтар өткізіп, пән апталықтарында әркез жаңаша әдіс-тәсілдермен сабақты түрлендіре өткізуді өзіне мақсат тұтқан, жаңашыл педагог! Ал, Шолпан Ырысқызы №17 И.Байзақов ЖББ мектепте химия және орыс тілі пән мұғалімі. Көп балалы ана. Шәкірттері облыстық сайыстарға қатысып, жүлдегер атанған. Ертеңгі мемлекеттің болмысы –ұстаздың бүгінгі тәлімінде -демекші, біз де осындай ұстаздарымызды әркез мақтан тұтамыз.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Аудан әкімі этнос және қоғамдық ұйым өкілдерімен кездесті
  • Этносаралық шиеленістердің алдын алу маңызды
  • Тіл мерекесі аталып өтті
  • Бала тәрбиесі - қоғам назарында!
  • Ұлтты сүю - иманнан
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер