Саурандық оқушылар сөз шеберлігін көрсетті

image.png

«Төрт тоқсанға - төрт өнер» Ұлттық мәдени-ағартушылық жобасы аясында Сауран ауданы А.Үсенов атындағы жалпы білім беретін мектебінде тәрбие орынбасарлары мен қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдерінің ұйымдастыруымен «Туған жерім мақтанышым. Білім- тұмарым» тақырыбында аймақтық ақындар айтысы болып өтті.

Айтыс мақсаты: қазақстандық патриотизмді қалыптастыру, ұлттық бірегейлік, әлеуметтік құзіреттілік, білім алушыларды өз халқының мәдени дәстүрлеріне, ұлттық рух пен патриотизмді, өз халқына және оның дәстүрлеріне құрмет сезімін тәрбиелеу, айтысты қазақ халқының ұлттық құндылығы, шешендік өнердің баға жетпес мұрасы ретінде дәріптеу.

Айтысқа аталған мектептен 4 жұп, Аманкелді мектебінен 1 жұп, С.Қожанов мектебінен 1 жұп қатысып, өнер көрсетті.

Аталған оқушылар  тақырып бойынша ойларын ортаға салып, ұлттық құндылығымызды дәріптей білді.

Әділ қазы алқалары тақырыптың жан-жақты ашылуына, ой тереңдігіне мән беріп, жұптар арасынан ерекше даралаған оқушыларды атап өтті және де аудандық кезеңге аты аталған айтыскерлер жолдама алды.

Қорытынды сөз кезегі мектеп директоры С.Мынжасароваға берілді.  Іс-шара соңында қатысушы айтыскерлер марапатталып, арнайы ынталандыру сыйлықтары табыс етілді.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Сайрамда бірқатар азаматтар марапатталды
  • «Мәңгілік жаса, қыран елім Қазақстан» шарасы өтті
  • Ақындар елдікті жырлады
  • Туған жерді түлету - жастардың қолында
  • Балаларды отансүйгіштікке баулу парыз
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер