Түлкібас ауданының білім бөліміне қарасты Б.Момышұлы атындағы жалпы білім беретін мектебінде бүгін PISA халықаралық зерттеуі барлық пән мұғалімдері мен білім алушыларына арналған түсіндірме жұмыстары ұйымдастырылып, оқыту-семинары өткізілді.
Аталған халықаралық зерттеу туралы мектеп директоры Н.Асилбеков білім алушыларға PISA халықаралық зерттеуінің мақсатын, өткізілу тәртібі мен ережелерін айтып өтті. PISA 15-жастағы білім алушылардың оқу, математика және жаратылыстану сауаттылығы бойынша оқу жетістіктерін бағалауға арналған халықаралық зерттеу. Зерттеуді Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы әр үш жыл сайын өткізеді.
PISA зерттеуінің нәтижесінде қатысушы елдер ұлттық білім беру жүйесінің күшті және әлсіз жақтарын анықтау, оны одан әрі дамыту үшін жаңа реформалар мен бастамаларды әзірлеу үшін объективті деректер базасын алады. Зерттеуге қатысу арқылы оқушылардың функционалдық сауаттылығының қалыптасуындағы трендтерді өлшеуге мүмкіндік туады.
Сонымен қатар, PISA нәтижелері әртүрлі білім беру жүйелерін алмастыруға және ұлттық білім беру стратегияларын әзірлеуде жетекші елдердің тәжірибесін зерттеуге мүмкіндік береді.
Халықаралық PISA зерттеуіне Түлкібас ауданы 2021 жылы түсіп, ауданымызда А.Асқаров және А.Байтұрсынов атындағы ЖОМ қатысқан болатын. Тапсырылған зерттеу нәтижесі бойынша жіберілген кемшіліктер бойынша жұмыстар жүйелі түрде жүріп жатыр.