Балалар шешендік өнерді дәріптеді

image.png

«Төрт тоқсанға - төрт өнер» Ұлттық мәдени-ағартушылық жобасы аясында  Түлкібас ауданының білім бөліміне қарасты Абай атындағы мектеп-лицейінде "Жаңа күн - Жаңа Қазақстан!" тақырыбында "Жас ақындар - импровизаторы" байқауы болып өтті. 

Айтысты алға тартып, қазақ тілі мен әдебиеті бірлестік ұстаздары дәріс беретін сыныптарындағы оқушыларын айтыс өнеріне баулып, бар шеберліктерін ортаға сала білді. Сайланған 6 жұптың ішінен "Туған тілім - тұғырым","Туған тілім - мақтанышым","Көк тудың желбірегені",Тіл - тұмарым" тақырыптары аясында ойлар қамтылды. 

Әділқазылар шешімімен айтыскер жеңімпаздар: Қолдас Иманғали, Қуан Рамазан, Темірбек Нұрдана арнайы Мақтау қағаздарымен марапатталды. Тартысты да, қызықты өткен өнер додасы барысында мектеп жасындағы жас айтыскерлер өздерінің Отанға, туған жерге деген сүйіспеншіліктерін айрықша, шебер жеткізе білді.

Айта кетейік, Қазақстанның барлық білім беру ұйымдарында бірінші тоқсан бойы "Ақындар айтысы" суырып салма ақындар мүшәйрасы өтуде. "Байқаудың мақсаты – айтысты қазақ халқының ұлттық құндылығы ретінде дәріптеу, баға жетпес мәдени мұрамызды шешендік өнер арқылы таныту, балаларды ұлттық рух пен отансүйгіштік, өз халқына, салт-дәстүріне деген құрмет білдіруге тәрбиелеу, дарынды шығармашыл жастарды анықтау.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Сайрамда бірқатар азаматтар марапатталды
  • «Мәңгілік жаса, қыран елім Қазақстан» шарасы өтті
  • Ақындар елдікті жырлады
  • Туған жерді түлету - жастардың қолында
  • Балаларды отансүйгіштікке баулу парыз
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер