Мамандық таңдауға көмектесу жобасы өтті

image.png

Түркістан облысы Білім беруді дамыту орталығының ұйымдастыруымен «BOLASHAQ» «Халықаралық бағдарламалар орталығы» акционерлік қоғамымен бірге «Өскенде кім боласың?» кәсіби бағдар беру мен мамандықты таңдауға көмектесу жобасы болып өтті.

Мақсаты: әрбір оқушының қабілеттілігі мен бейімділігін ескере отырып, кәсіптік қызығуы мен қабілеттілігін қалыптастыруға және мамандық таңдауға көмектесу.

Жобаның тиімділігі оқушы өзінің табиғи әлеуеті мен танымдық мүмкіндігін таниды; ішкі қажеттіліктері және бейімі негізінде кәсіп жолын анықтайды.

Тікелей эфирге Facebook желісі арқылы «BOLASHAQ» халықаралық бағдарламасының түлектері, Сайрам, Сауран ауданының жалпы орта мектептерінің (9-10-11 сынып) оқушылары, олардың ата-аналары қатысуда. Қатысушы ауданға алдын-ала сілтеме беріліп отырады. Барлық эфирді Білім беруді дамыту орталығының парақшасынан көруге болады. 

Алғашқы эфирге  "Халықаралық бағдарламалар орталығы" АҚ менеджері Садық Әсел Тәңірбергенқызы, «Ы.Алтынсарин атындағы дарынды балаларға арналған облыстық қазақ гимназия-интернаты» ағылшын тілі пәнінің мұғалімі Акшулакова Бибигуль Кайратовна, Түркістан қаласы Назарбаев Зияткерлік мектебінің директоры Түсіпжанов Айдын Елеусізұлы қатысты.

"Халықаралық бағдарламалар орталығы" АҚ толық ақпарат беріп қатысушылармен кері байланыс жасап, ашық пікір алмасып түлектер, ата-аналар өздерінің қызықтыратын сұрақтарына жауап алды.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Аудан әкімі этнос және қоғамдық ұйым өкілдерімен кездесті
  • Этносаралық шиеленістердің алдын алу маңызды
  • Тіл мерекесі аталып өтті
  • Бала тәрбиесі - қоғам назарында!
  • Ұлтты сүю - иманнан
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер