Бүгінгі қоғамдағы мұғалімнің рөлі-шәкіртіне ғылым негіздерінен мәлімет беріп қана қоймай, оны дүниежүзілік білім, ақпарат, экономика кеңістігіне шығуға, яғни қатаң бәсеке жағдайында өмір сүруге тәрбиелеуі керек. Себебі қазіргі ақпаратты көздер мен техниканың дамыған заманында оқушыға берілетін білім де сол техникалармен байланысты. Ұлы ағылшын ағартушысы Уильям Уорд: Жай мұғалім хабарлайды, Жақсы мұғалім түсіндіреді, Керемет мұғалім көрсетеді, Ұлы мұғалім шабыттандырады,- дейді. Ендеше білім алуға құштар жанды шабыттандыру нағыз ұстаздың, ұлы ұстаздың ғана қолынан келетін іс. Өйткені қазіргі жас буын – еліміздің келер күнгі келбеті, болашағы.
Түркістан облысында озық ойлы, шәкірт тәрбиелеуде тәжірибесі мол, жетістігі көп мұғалімдер жетілікті. Соның бірі Жетісай ауданынан озық тәжірибелі ұстаз - Тамара Ертуғанқызы. Білімі жоғары - педагог-шебер. 2012-2013 оқу жылында республика көлемінде "Дарынды балалар - Қазақстанның болашағы" атты энциклопедияға мұғалімнің еңбегі енгізілген. Әлеуметтік сайттарда, YouTube каналында онлайн режимінде ашық сабақтың бірнеше үлгілері жарияланған. Жұмыс өтілі 32 жыл. Мұғалім сабақта жаңа технологияны тиімді пайдаланады. Шығармашылық тәжірибесі мол, жаңартылған білім беру мазмұны бағытында сабақ жүргізеді. Соңғы 10 жыл көлемінде оқушылары республикалық, облыстық пән олимпиадаларында жүлдегер атанған. Отбасылы. 3 перзент өсіріп, тәбиелеп, немере сүйіп отыр.
Бүгінде ұстаздыққа жастар қауымының қызығушылығы ерекше. Яғни осы бір жүгі ауыр мамандықты таңдап, шәкірт тәрбиелеп жүрген жас мамандардың қатары көбейіп келеді. Солардың бір - Сүндетқали Серікбекұлы білімі жоғары. "Жаһандану үдерісіндегі білім, ғылым және тәрбие" атты 2021 жылы "Байтанаев оқулары" ІХ халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясында "Элементтер химиясы курсын қашықтықтан оқыту әдістемесі" мақаласы жарияланған. "The 7th international scientific and practical conference science, innovations and education problems and prospects" Tokyo, Japan 2022 жылы ғылыми халықаралық журналында "Effective platforms for distance learning of chemistry" атты мақаласы жарияланған. Әлеуметтік сайттарда, YouTube каналда ашық сабақтың бірнеше үлгілерімен бөліскен. Жұмыс өтілі 6 жыл. Сабақта жаңа (Kahoot, Guizizz, Padlet) технологияларды қолдану арқылы оқушылардың білім деңгейін арттырып келеді. Соңғы 3 жылда шәкірттері облыстық, республикалық пән олимпиадаларында жүлдегер атанып келеді. Бітіруші түлектерге олардың танымдық, тұлғалық және эмоционалдық қасиеттеріне сәйкес мамандық таңдауға көмектесетін кәсіби бағыт бағдар беруші.