Компьютерді бес саусақтай меңгерген ұстаз

image.png

Ұстаз – киелі мамандық. Шәкірттерін білім нәрімен сусындатып, тәлім-тәрбие беру, жақсы қасиеттерді бойына дарытып, адамгершілік рухта бағыт -бағдар беруде ұстаздардың еңбегі зор. Иә, ұрпаққа айтар ақылы, көрсетер өнегесі бар, дана ойдың ыстық лебі бар, ұстаздар жайлы айтылар сыр да, жазылар жырда көп. «Ұстаз болу жүректің батырлығы» дейді. Әрине, өте орынды айтылған. Жауаптылық, қажырлылық, білімділік, жүректілік, сүйіспеншілік, сабырлылық бәріде Түлкібас ауданы Б. Момышұлы атындағы жалпы білім беретін мектебінің информатика пәнінің мұғалімі Рахашов Жұмағали  бойынан табылатын қасиет. Әр шәкірттің санасына сәуле шашып, білім дарытып, информатика пәнінің қыр- сырын меңгертуде шәкірттермен қоса жас мұғалімдерге, әріптестеріне де берер тәлімі мол, тағылымы терең, үнемі ізденіс пен шығармашылықта жүретін кермет тұлға!

Жұмағали Рахашовтың шәкірттері қазіргі таңда әртүрлі салаларда, өмірде өз орындарын таба білген жандар. Табысты, білімге құштар, елін, жерін, ата-анасын сыйлап, құрметтейтін, табысты тұлға болуға тәрбиелейтін ұстаздардың бірі – Жұмағали Құрманәліұлы! Қазіргі кезең – ғылым мен техниканың, мәдениеттің өте шарықтап өркендеген шағында заман ағымына сай өскелең ұрпаққа тәрбие мен сапалы білім беруде сіздің еңбегіңіз зор.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Аудан әкімі этнос және қоғамдық ұйым өкілдерімен кездесті
  • Этносаралық шиеленістердің алдын алу маңызды
  • Тіл мерекесі аталып өтті
  • Бала тәрбиесі - қоғам назарында!
  • Ұлтты сүю - иманнан
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер