Көптеген мамандықтардың ішінен өзінің кәсібін адаспай тапқан осы жанның қолынан шыққан дүниелер талайды тамсандырғаны сөзсіз. Іскер, әрі шебер , шығармашыл ұстаз Түркістан облысы Түлкібас ауданы Б.Момышұлы атындағы ЖББ мектебінің зерттеуші-педагог көркем еңбек пәнінің мұғалімі Абдразах Даржанов қиындығы мен қызығы қатар жүретін, үлкен жауапкершілікті қажет ететін ұстаздық еңбек жолы 35 жылдан астам уақыт өтіпті. Бала кезінен өнерге жақын болды. Сурет салу Абдразах Жақыпұлының жаны қалаған сүйікті ісі. «Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілерсің» дегендей, бала жанының бағбанына айналған ата-анасының ұстаздық қызметі де осы саланы таңдауына ықпал етті. Бүгінде Абдразах Даржанов өнертапқыш, ізденуші, зерттеуші, шығармашылықпен жұмыс істейтін жаңашыл педагогикалық құралдардың барлық түрлерін шебер меңгерген білікті маман, өзін-өзі жетілдіруге ұмтылатын шығармашыл тұлға. Ұстаздың кәсіби шеберлігінің тақырыбы: "Ата кәсібіміздің қолөнер бұйымдарын дамытып жалғастыру". Білікті, тәжірибелі ұстаздың алған асулары мен жетістіктері де бір төбе. Шәкірттері де биік белестерді бағындырып жүр. Атап айтқанда облыс оқушылары арасында "Жастар мәңгілік тәуелсіз елдің болашағы атты өнер фестивалінде " Қол өнер шығармашылық" көрмесінде көрсеткен айрықша өнері, дарынды, қабілетті және рухани өркендеу жолындағы еңбегі үшін Түркістан облысының білім басқармасының мадақтамасымен марапатталды.
"Тұлпар мініп , ту алған" Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай Республикалық жасөспірімдер мен балалар арасындағы өнер байқауының дипломымен марапатталды.
Түркістан облысының адами әлеуетті дамыту басқармасының Облыстық қосымша білім беруді дамыту орталығының "Балалардың игілігі үшін республикалық акциясы аясында облыс оқушылары арасында өткен "Жаңа Қазақстан күшіміз бірлікте " атты өнер фестивалінде жас таланттарды өнерге, ұлттық қолөнер шығармашылығына баулудағы еңбегі үшін "Алғыс хатпен" марапатталды.
Түлкібас ауданының, Түлкібас кентінің "Еңбек күні" мерекесімен кенттің өсіп өркендеуіне, әлеуметтік экономикалық , қоғамдық саяси тұрғыдан қосқан үлесі үшін, өз саласы бойынша атқарған ерең еңбегі үшін "Алғыс хатпен" марапатталды.