Ерекше балаларды білім нәрімен сусындатып жүр

image.png 

Мемлекет аутодеструктивті мінез-құлқы бар балаларға барынша жағдай жасап келеді. Олардың денсаулығын оңалтуға және толыққанды білім алулары үшін мүмкіндік жасалған.  Мұндай «ерекше» балаларға білім де ерекше тәсілмен берілуі керек. Ал бұл кез-келген мұғалімнің қолынан келе бермейді. Осындай ерекше балаларды білім нәрімен сусындатып келе жатқан ұстаздың бірі Гүлнар Еркебаева. Ол  Түлкібас ауданы Б.Момышұлы атындағы жалпы білім беретін мектепте педагог-психолог қызмет атқарады, педагог-зерттеуші.

Зерттеу тақырыбы: «Ерекше білім беруді қажет ететін оқушыларға М.Монтессори технологиясын қолдану нейрожаттығуларды Ерекше білім беруді қажет ететін оқушыларға М.Монтессори технологиясын қолдану нейрожаттығуларды пайдалана отырып жеке дамыту». Осы тақырыпта еркеше білімді қажет ететін оқушылардың білім алуын жақсарту мақсатында жұмыс жүйелі атқарып келеді. Ауданда шығармашылық және мобилдік топтартың жетекшісі. «Қазақ Психологиялық Қоғамдық бірлестігінің мүшесі, «Жасөспірімдердің аутодеструктивті міне-құлқы: проблемалары, алдын алу коррекция» бойынша мастер-тренер. «Бес терек» жобасы аясында аутодеструктивті мінез-құлықты топпен жұмыс жасауда кәсіби біліктілігі мен іскерлік қабілетін ұштастыра отырып, оқушылардың психологиялық ахуалын жақсартуға үнемі жоғарғы деңгейде үлес қосып, өзге әріптестеріне кеңес беріп, өз тәжірибесімен бөлісіп отырады. Түрлі облыстық және аудандық іс-шараларға қатысып өз тәжірбиесімен бөлісіп, атап айтар болсақ, соңғы төрт жылда аудандық педагог-психологтарға жылдық жоспарды жүйелі қазіргі жаңа технологиялық үлгіде жасап таратып келеді. Педагог-психологтің жеке жетістіктерін де айтып кету керек, аудандық мұғалімдер арасындағы пәндік олимпиаданың, облыстық байқаудың жеңімпазы. Республикалық «Мектептегі психология» журналға , интернеттегі «Бшлімділер» сайтына жұмыстары шыққан. 

Сонымен қатар, Астана қаласында Отбасылық тәрбиелеу институтында «Кіші сынып оқушыларының білім деңгейін, отбасының қолдаумен көтеру» тақырыбында ғылыми жұмыс, «Шамшырақ» газетінде дөңгелек үстөлде «Құқықбұзылушылықтың алдын алуда психолог рөлі», «Ерте жүктіліктің алдын алуда, ата-ананың жауапкершілігі», «Жаңа ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалана отырып, оқытудың мазмұнын жақсарту арқылы оқушыларға сапалы білім мен ұлағатты тәрбие беру» семинарда, «Еліміздің болашағы-өскелең ұрпаққа сапалы білім, өнегелі тәрбие беру семинарында кәсіби іскерлік танып келеді. Мектебімізде ұйымдастырылған «Ата-аналарға ашық есік күні» 5-сынып оқушыларының ата-аналары арасында ағарту жұмысын жоғарғы деңгейде жүргізді.. Сонымен қатар, «Мен үшін әр күн мереке» атты онкүндік ұйымдастырылып,жоғары деңгейде өтті. 

Психологтың кәсіби шеберлігі қазіргі таңда оның кәсіби қажеттілігімен анықталады. Қазіргі психолог әрі педагог, ал педагог-психологтің айрықша ерекшеліктерімен психолог – оның үнемі өзін-өзі жетілдіріп отыруы, өзін-өзі сынауы, психологиялық эрудициясы және жоғары сезімінің басымдығы. Өзін-өзі тәрбиелеу қажеттілігінсіз психологтің кәсіби өсуі мүмкін емес. Қазіргі таңда қол жеткізген нәрсеге ешқашан қанағаттанбауы керек. Бұл өте маңызды. Сондай-ақ алға ұмтылу да өте маңызды, өйткені психологтің жұмысы мен міндеті – шексіз шығармашылықтың көзі дегенді ұстанады.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Сайрамда бірқатар азаматтар марапатталды
  • «Мәңгілік жаса, қыран елім Қазақстан» шарасы өтті
  • Ақындар елдікті жырлады
  • Туған жерді түлету - жастардың қолында
  • Балаларды отансүйгіштікке баулу парыз
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер