Авторлық бағдарлама жасады

image.png

«Ұстаздық еткен жалықпас, үйретуден балаға» демекші, шәкірт тәрбиелеуге ондаған жылдарын, тіпті ширек ғасырын арнаған ұстаздар жеткілікті. Солардың бірі  Түлкібас ауданы, Б. Момышұлы атындағы жалпы білім беретін мектебінің тарих пәнінің мұғалімі, педагог-зерттеуші, Зеркүл Қалыбекова  15 жыл тарих пәні мұғалімі қызметін жемісті атқарып келеді. Білікті педагогтың жетістіктері де аз емес. Мәселен ол  2021-2022 оқу жылында «Үздік авторлық бағдарлама» Республикалық сайысына қатысып, «Дарын» ғылыми-әдістемелік орталығының І дәрежелі дипломымен марапатталып,  мақаласы жинақ баспасына жарияланып таратылған. 

Ал оның тәрбиелегн шәкірттері биіктерден көрініп жүр. Айталық 2021-2022 оқу жылында жалпы білім беретін пәндер бойынша Республикалық олимпиаданың аудандық кезеңінде Қазақстан тарихы пәнінен үздік білімімен танылған 11- сынып оқушысы Закария Құралбек және құқық негіздері пәнінен 11- сынып оқушысы Жақсыбай Балнұр атты оқушылары жүлделі І орынды иеленіп, Республикалық олимпиаданың облыстық кезеңіне жолдама алып, Қазақстан тарихы пәнінен 11-сынып оқушысы Закарияев Құралбек облыстан жүлделі ІІ орынды иеленіп, Түркістан облысының адами әлеуетті дамыту басқармасының «Облыстық дарынды балаларды анықтау және қолдау орталығы» КММ-нің ІІ дәрежелі дипломымен марапатталған. 2022-2023 оқу жылында жалпы білім беретін пәндер бойынша Республикалық олимпиаданың аудандық кезеңінде Қазақстан тарихы пәнінен үздік білімімен танылған 10-сынып оқушысы Жақсыбай Айнұр және құқық пәні бойынша 10-сынып оқушысы Сұраншы Жания Түлкібас ауданының адами әлеуетті дамыту бөлімінің жүлделі ІІІ дәрежелі дипломдарымен марапатталған. 

Зеркүл Жақсылыққызының  «Ұлы даланың жеті қыры» бағдарламасының авторы болып табылады  озат тәжірибесі аудан, облыс көлемінде таратылған. Мектепте бірлестік жетекші және тәлімгерлік жұмысын қоса алып жүретін білімді де, білікті маман.

Ұрпақ тәрбиелеу жолындағы атқарып отырған толымды еңбектеріңізге толассыз табыс тілейміз. 

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Сайрамда бірқатар азаматтар марапатталды
  • «Мәңгілік жаса, қыран елім Қазақстан» шарасы өтті
  • Ақындар елдікті жырлады
  • Туған жерді түлету - жастардың қолында
  • Балаларды отансүйгіштікке баулу парыз
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер