Мектебінің үздігі

image.png

Сәуле Махаева  Түркістан облысы Түлкібас ауданы Б.Момышұлы атындағы жалпы білім беретін мектебінің орыс тілі мен әдебиеті пәнінің жоғарғы санатты мұғалімі, педагог-зерттеуші. Еңбек өтілі 32 жыл. Өрлеу ҚР педагог кадрларының біліктілігін арттырудың «Мектептегі мұғалім көшбасшылығы» курсын аяқтаған.Ұраны «Өмірдің заңы – ілгерілеу, озу». Соған сай, өзінен шәкірті озған ұстаз – ең бақытты ұстаз», – дейді бала бақытын аялай білетін ұстаз. 

Ұқыптылық пен тазалық Сәуле Хамедқызының басты қасиеті болып табылады. Жинақталған білім тәжірибесі оқушыларға көмек беруге және әр істі тыңғылығты атқаруға жұмсалады. Ұйымдастыру қабілеті жоғары, әр істің қыр-сырын таба білетін мұғалім бүгінгі таңда мектептің мұғалімдерді аттестаттау комиссиясының мүшесі, оқушылардың мептепішілік ғылыми қоғам жетекшісі, мектеп модераторы қызметін атқарған. Пән бойынша оқушылары бірнеше рет жүлделі орындарға ие болып, түрлі сайыстарға қатысады. Облыстық ғылыми жоба «Образ Дома- Рода в повести Б.Момышулы» тақырыбында жазылған оқушы жұмысы жүлделі III орынды иеленген. Б.Момышулының 110 жылдығына арналған «Көркем сөз оқушы» номинациясы бойынша халықаралық байқауда жүлделі I орынды иеленген. «Білім өркениеті» ұлттық инновациялық зерттеу орталығы ұйымдастырған «ҚР дарынды оқушыларының-Алтын кітабы» атты республикалық байқауының  I Дәрежелі дипломы және де Төс белгісімен марапатталды. Облыстық қашықтықтан онлайн жүйесіндегі «Педагогтың кәсіби шеберлігін арттыру білім берудің жаңа сапасына қол жеткізу факторы» дәстүрлі озық тәжірибелі педагогтар слетінің  I-кезеңі: «Үздік әдістемелік калейдоскоп» атты конференцияда «Оқушылардың ғылыми жоба жұмыстарын ұйымдастыру» тақырыбында баяндама жасап « Озық идея» номинациясын иеленді. Республикалық «Менің педагогикалық ұстанымым» атты қашықтықта өткізілген « Үздік ашық сабақ» номинациясының Гран- при иегері. «Киберпедагогика және бүгінгі күннің сындары» атты халықаралық ғылыми- тәжірибелік онлайн конференциясына қатасып сертификатқа ие болды. Облыстық «Үздік авторлық бағдарлама» сайысында « Слово и их сочетания » тақырыбында жазылған авторлық бағдарламасы жүлделі III орынды иеленіп, облыс көлемінде таратылуға ұсынылды және Түркістан облысы адами әлеуетті дамыту басқармасының Құрмет грамотасымен марапатталды. Сәуле Хамедқызы өзіне тән коммуникативтік және ұйымдастырушылық деңгейдегі үйлесімді қасиеттері бар. Оған дәлел аудан, облыс көлемінде мұғалімдер арасында ынтымақтастықты қалыптастыру , ортақ жұмысты жоспарлау және кәсіби біліктілікті арттыру мақсатында бірнеше коучингтер өткізіп, әріптестеріне үлкен қолдау көрсетуде. Сонымен қатар «Білімнің басты құндылықтары: отаншылдық, білімге құштарлық, еңбекқорлық» тақырыбында педагог қызметкерлердің аудандық тамыз кеңесінде оқыған баяндамасы жоғары бағаланып, аудан көлемінде іс-тәжірибесі таратылуды ұсынды. Ұстазымыздың еңбегі республикалық «Уроки русского языка и литературы», «Дар учителя» оқу-әдістемелік журналында, сонымен қатар Инфоурок, Мультиурок сайтында жарияланып тұрады.

Жаһандану заманында өркениет көшінен қалмайтын, бойында бәсекеге қабілеттілік қасиеті бар, барынша жаңа технолгиялармен қаруланған білімді де, білікті ұстаз 2021-2022 оқу жылында мектептің «Үздік педагогы» атанса, 2022-2023 оқу жылы Республикалық «Үздік педагог» конкурсының аудандық кезеңінің жеңімпазы атанды.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Сайрамда бірқатар азаматтар марапатталды
  • «Мәңгілік жаса, қыран елім Қазақстан» шарасы өтті
  • Ақындар елдікті жырлады
  • Туған жерді түлету - жастардың қолында
  • Балаларды отансүйгіштікке баулу парыз
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер