«Білімдіден шыққан сөз, талаптыға болсын кез » ,- деп ұлы Абай атамыз айтқандай, ұстаз – әрқашан ілім мен ізгілікті алға қоятын тұлға. Ұлағатты ұрпақ тәрбиелеу - аса жауапты әрі күрделі міндет» деп Қазақстан Республикасының Президенті Қ .К Тоқаев ұстаздар еңбегін жоғары баға берді. Мұғалім – өз пәнінің шебері болумен қатар оқушының жан дүниесі мен ақыл – ойын байқап, тыңдай алатын, өз білімі мен шеберлігін ұштастыра отырып, болашаққа жетілген, ойы ұшқыр, қоғамда өз ойын ашық саналы түрде жеткізе алатын, қоғамның лайықты мүшесін тәрбиелеп шығара алатын, өз білімін үнемі үздіксіз жетілдіріп отыратын тұлға .
Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі , педагог - зерттеуші Ақбөпе Сейдалиева Түркістан облысы, Түлкібас ауданы, Б. Момышұлы атындағы жалпы білім беретін мектебінде жас ұрпақтың сапалы білім мен саналы ұрпақ тәрбиелеу саласында 16 жыл мектеп директорының оқу- тәрбие ісі жөніндегі орынбасары қызметін жемісті атқарды. Көп жылдық еңбегінде, қазақ тілі мен әдебиеті пәні бойынша өткізілетін республикалық «Аltyn tobylgy» зияткерлік олимпиадасында оқушылары І және ІІ орындарды жеңіп алғаны үшін Алғыс Хатқа ие болды., «Туған жердегі тарихи ескерткіштер - біздің асыл мұрамыз » атты облыстық ғылыми жоба байқауында ІІ Дәрежелі Дипломы және пән олимпиадасы мен түрлі тақырыптардағы эссе байқауларында жүлделі орындарға ие болды. «Ойзерек» , «Жас полиглот» зияткерлік сайыстары мен «Абай жолы» аты жас көркемсөз оқу шеберлерінің арасындағы сайыстарда оқушылары жүлделі орындардан көрінді. Сонымен қатар, оқушылары ҰБТ –де жоғары көрсеткіштерімен көріне білді.
«Педагогикалық шеберлік» республикалық ғылыми - әдістемелік журналында «Инновациялық әдіс – тәсілдерді сабақ беруде тиімді пайдалану» , «Жеке тұлға бойындағы инновациялық дарындылықты ашу және дамыту» және «Білім айнасы» журналында «Менің бала тәрбиесіндегі үлесім» атты мақалалары, «Қазақ тілі мен әдебиеті» республикалық журналында бірнеше рет озық тәжірибелері жарияланды.
Ақбөпе Наурызбайқызы білім беру саласында жас жеткіншектердің тәрбиесі мен кемел келешегіне ықпал етіп, сапалы білім мен саналы тәрбие берудегі еңбегі үшін Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігінің Құрмет Грамотасы, облыстық білім басқармасының Құрмет Грамотасы, аудандық білім бөлімінің Алғыс хаттары және «Үздік авторлық бағдарлама» байқауында озық идеялары мен шығармашылық ізденістерін ұсынғаны үшін Түркістан облысының адами әлеуетті дамыту басқармасы әдістемелік орталығының ІІ Дәрежелі Дипломымен марапатталды.
Ұстаз - бұл өмірде ең құрметті және лайықты адамдар ие болатын мақтан тұтатын атақ!