«Біртұтас тәрбие» бағдарламасы таныстырылды

image.png

Бүгін Түркістан қаласына арнайы іссапармен келген Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Тәрбие және қосымша білім беру департаментінің басшысы  Меруерт Асқарбекқызы Медетбекова мен Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім Академиясы Психология, тәрбие және тұлғаны дамыту орталығының директоры Тәңірбергенова Анар Шынболатқызы түркістандық педагогтармен кездесіп, “Біртұтас тәрбие” бағдарламасы аясында кең көлемді баяндама жасады. 

Ұлттық, адами құндылықтарға негізделген құжатта білім беру ұйымдарындағы тәрбие жұмысын толыққанды жүзеге асыру үшін білім алушылардың бойында қалыптастырылуы тиіс құндылықтар мен тәрбиенің мақсаты, міндеттері айқындалады. Жалпы адамзаттық және ұлттық құндылықтарды бойына сіңірген, әлемдік озық білімді игерген саналы азаматты тәрбиелеу мақсатында жасалынған бағдарламаны түсіндіруге арналған басқосуға Түркістан қаласымен қатар Сауран, Отырар, Созақ аудандары мен Кентау қаласынан білім бөлімдерінің тәрбие саласына жауапты мамандары, мектеп директорларының тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары қатысты. Басқосуды облыстық «Білім беруді дамыту орталығының» директоры Бақытжан Төлімбет ашып, шараның мақсатымен таныстырғаннан кейін Оқу-ағарту министрлігінің Тәрбие және қосымша білім беру департаментінің басшысы Меруерт Асқарбекқызы мен мен Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім Академиясы Психология, тәрбие және тұлғаны дамыту орталығының директоры Анар Шынболатқызы кең көлемді баяндама жасап, бағдарламаны егжей-тегжейлі, нақты мысалдармен түсіндіріп өтті. Өз кезегінде педагогтар да сұрақтарын жолдап, басқосу ашық сұхбатпен өрбіді. Түркістан қаласы, Ататүрік атындағы №17 мектеп-гимназиясы директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Шарипа Пірімбетова да сөз алып, бағдарлама аясында атқарылып жатқан жұмыстар, олардың нәтижесіне тоқталса, облыстық «Білім беруді дамыту орталығының» директоры Бақытжан Нұрмаханбетұлы басқосуды ұйымдастырып, ұстаздарға бағыт-бағдар берген министрлік өкілдеріне ризашылығын білдірді. 

Басқосу соңында Меруерт Асқарбекқызының бастамасымен бағдарламаны іске асыру аясында жұмысшы тобы құрылып, мақсаттары мен міндеттері айқындалды.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Сайрамда бірқатар азаматтар марапатталды
  • «Мәңгілік жаса, қыран елім Қазақстан» шарасы өтті
  • Ақындар елдікті жырлады
  • Туған жерді түлету - жастардың қолында
  • Балаларды отансүйгіштікке баулу парыз
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер