Шахмат - ақыл-ой жарысы

image.png

Елімізде шахмат танымал, ол сыни ойлауды, логиканы, зейін қоюды, есте сақтауды қалыптастырады. Яғни, шахмат әлеуметтік желілер, «клиптік ойлау» түріндегі заманауи ақпараттық сын-қатерлерге ден қою болып табылады. Шахматтың балаларға берер пайдасы мол. Біріншіден  жастайынан бала өздігінен шешім шығарып, өтіп жатқан әртүрлі оқиғаларды логикалық тұрғыдан бағалай біледі. Қарапайым сұрақтарға да ересек адамдарша жауап беріп, саналы шешімдерге барады. Екіншіден бала сабыр пен шыдамдылыққа үйренеді. Әсіресе, мектепке барғалы жүрген балаларға мұның пайдасы зор. Сондай-ақ бала өз ісін жоспарлап, болжам жасап үйренеді. Уақытты тиімді пайдалануға, алға қойған мақсаттарына жетуге икемделе түседі. Міне, пайдасы көл-көсір шахмат ойынына балаларды баулу мақсатында  қазіргі таңда елімізде ауқымды жұмыстар атқарылуда. Бүгінде  Президент Қасым-Жомарт Кемелұлының қолдауымен «Мектептегі шахмат» жобасы жүзеге асырылып жатыр. Шахмат факультатив ретінде 28 мыңға жуық балаға арналған 654 мектепте енгізілді. Сондай-ақ мектептерде шахмат секциясының саны 10 мыңнан асты. Шахмат қозғалысын одан әрі қолдау мақсатында биыл елімізде оқушылар арасында шахматтан түрлі жарыстар ұйымдастырылуда. 

Осы орайда бүгін барлық Назарбаев зияткерлік мектеп желісінде ақыл-ой жарысы, шахматтан желілік спартакиада бастау алды. Аталған дәстүрлі турнирге түркістандық зияткерлерден 8 «В» сынып оқушысы Ержан Беген, 9 «L» сынып оқушысы Нұрахмет Тұрсынхан, 10 «А» сынып оқушысы Ахмедияр Төлеубай, 9 «С» сынып оқушысы Альбина Лесова, 11 «К» сынып оқушысы Дильнура Каримжанова, 11 «А» сынып оқушылары Арайлым Асет пен Бобомурад Тажиддинов қатысуда. Айта кетейік онлайн спартакиадаға мектептің шахматшы зияткерлері екінші рет қатысып отыр. 

Ойындар 2023 жылғы 7-9 қараша аралығында «lichess.org» платформасында қашықтан өтеді және спартакиадаға NIS пен ISA-дан 188 оқушы қатысуда.

Шараның ашылу салтанатында ақ-қара ойынның жас виртуоздарын «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ Басқарма төрағасының орынбасары Айдана Шилибекова құттықтады.

Жеңімпаздар мен жүлдегерлерді арбитр фиде Рустам Қайырбеков пен Дана Тулеева, бірінші санаттағы төреші Баян Есенғабылова және спорт төрешілері Әнуар Тілеуқабылов пен Асылжан Исина анықтайды.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Сайрамда бірқатар азаматтар марапатталды
  • «Мәңгілік жаса, қыран елім Қазақстан» шарасы өтті
  • Ақындар елдікті жырлады
  • Туған жерді түлету - жастардың қолында
  • Балаларды отансүйгіштікке баулу парыз
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер