Педагогикалық кеңес отырысы өтті

image.png

Түркістан қаласындағы химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік оқу ордасында 2023-2024 оқу жылының екінші тоқсаны басталуына орай педагогикалық кеңес отырысы өтті. 

Күн тәртібінде 2023-2024 оқу жылының І тоқсан қорытындысы бойынша оқушылардың оқу нәтижелері, кәсіби бағдар бойынша жұмысты дамыту мен жетілдіру жолдары, ECER-2023 халықаралық конференциясына қатысқан педагогтардың зерттеу жұмыстарын таныстыру мен бірқатар мәселелер талқыланды.

Басқосуда көтерілген басты тақырыптардың бірі оқу сапасын жақсарту мен бірінші тоқсан нәтижелерін қабылдау, әдістемелік бірлестіктердің отырыстарында білім сапасын талқылау болды. Сонымен қатар, академиялық адалдық мәдениетін дамыту үрдісіне ата-аналардың атсалысуымен бірқатар шараларды өткізу жайы қаралды. 

Барлық NIS педагогтарына ортақ, айтулы шара «ЕСЕR-2023» халықаралық конференциясына қатысқан мектеп ұстаздары кеңес отырысында зерттеу жұмыстарын таныстырды. Өз баяндамаларында конференцияның берер мүмкіндіктері мен меңгерген тиімді кейстері және дайындық барысы жайлы сөз сөйлеп, педагогикалық еңбек жолында аталған конференцияға қатысудың қаншалықты маңызды екенін түсіндірді. Сондай-ақ, ІІ тоқсан соңында мектеп ұстаздарының зерттеушілік мәдениетін қалыптастыру мақсатында «Сабақты зерттеу» атты мектепішілік курсқа қатысатын мұғалімдердің зерттеу жұмыстарының нәтижесі тыңдалынатын болады.

Кеңес соңында ұстаздар қауымы оқу процесін қамтитын бірқатар мәселелер мен ұсыныстар легі қарап, мектеп директоры Айдын Түсіпжанов педагогикалық ұжымға жаңа тоқсанды жаңа серпінмен бастауда нәтижелі жұмыстар көп болсын деп, сәттілік тіледі.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Сайрамда бірқатар азаматтар марапатталды
  • «Мәңгілік жаса, қыран елім Қазақстан» шарасы өтті
  • Ақындар елдікті жырлады
  • Туған жерді түлету - жастардың қолында
  • Балаларды отансүйгіштікке баулу парыз
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер