Тоғызқұмалақтан желілік спартакиада өз мәресіне жетті

image.png

Терең ойды талап ететін ұлттық ойындардың бірі – тоғызқұмалақ. Тоғызқұмалақ – қазақтың ұлттық дәстүрлі ойындарының бірі, ақыл-ой ойыны. Ойын танымдық, эстетикалық, спорттық, тіпті ғылыми аспектілерге ие. Тоғызқұмалақтың емдік қасиеті де бар, ол жасөспірімдер миын дамытады. Сондықтан ол жергілікті, ұлттық деңгейден асып, әлемдік маңызға ие. Бұл ойын ақыл-ойды дамытып қана қоймайды, ол тәртіпке үйретеді. Тоғызқұмалақ ойнаған бала өскен соң күнделікті жоспарын оңай құра алады, кез келген жағдайда өзін тұлға ретінде көрсетеді, белгілі бір оқиғаға байланысты өзіндік ұстанымы, көзқарасы болады. Ойын халықтың мінезін танытады. Ұлттық ойынымыз тоғызқұмалақты бүгінгі тарих бетінен өшірмей, келер өскелең ұрпаққа жеткізу – біздің басты парызымыз. Өзін қазақпын деп санайтын әрбір азамат тоғызқұмалақ ойынының ережесін біліп қана қоймай, оны жұртшылыққа насихаттауы тиіс.

2020 жылы тоғызқұмалақ ойыны ЮНЕСКО-ның адамзаттың материалдық емес мұрасы қатарына енгізілді. Қазір Қазақстанда 200 мыңнан астам адам 3000 жаттықтырушылардың көмегімен тоғызқұмалақпен айналысады. Тоғызқұмалақпен 30-дан астам елде (Колумбия, Германия, Франция, Ұлыбритания, Чехия, Латвия, Литва, Бангладеш және т.б.) адамдар тұрақты түрде шұғылданады

Қазіргі таңда Қазақстанда дене шынықтыру мұғалімдеріне тоғызқұмалақ үйретіліп, мектеп бағдарламасына енгізуге дайындық жүруде. Бүгіннің өзінде ұлттық ойынымыз көптеген білім ошақтарында қолға алынып, балалар үйірмелерге қатысып жүрген жайы бар. Мектептерде тоғызқұмалақтан түрлі сайыстар да  ұйымдастырылып тұрады.

Түркістан қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде тоғызқұмалақ ойыны дамып келеді. Үйірмеге қатысатын балалар да көп. Жақында

Назарбаев Зияткерлік мектептері желісінде өткен дәстүрлі ойын тоғызқұмалақтан желілік спартакиада өз мәресіне жетті. Түркістандық зияткерлер 3 күн бойы жалғасқан ойын барысы қызықты әрі тартысты өткенін айтады:

- Жалпы бұл желілік турнирге Түркістан NIS атынан екінші рет қатысқан соң спартакиада барысы былтырғы ойынға қарағанда ерекше болды. Жаңа ойыншылардың ойын тактикасын бақылауда сайыс барысында жіберген қателіктеріме көзім жетті. Себебі барлық Зияткерлік мектептің оқушылары арасында сайысқа түсу, тәжірибелі қатысушылармен бірге ойнау оңай болған жоқ. Дегенмен, дәстүрлі турнирге қатысып, мықты тоғызқұмалақшылармен бірге сайысқа түсу, қарсыластарымның ойын тактикаларын меңгеруде өзім үшін тиімді тәжірибе алаңы болды, - дейді 9 «С» сынып оқушысы Жеңіс Кертай ойыннан алған әсерімен бөлісіп.

- Мен үшін ойын тартысты өтті. Биыл екінші рет спартакиадаға қатысып отырған соң, 2022 жылғы көрсеткішпен салыстырғанда жақсы нәтиже көрсете алдым. Дегенмен, ойын барысында қарсыластарым қолданған ойын тактикаларын көргенде әлі де тиянақты дайындықтың қажет екенін ұқтым. - деп 9 «В» сынып оқушысы Жасмина Абдиламитова өз пікірін білдірді. 

PlayOk платформасында өткен желілік спартакиадаға 2023 жылдың 30 қазан және 1 қараша аралығында қашықтан өткен NIS пен ISA-дан 94 оқушы қатысты.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Сайрамда бірқатар азаматтар марапатталды
  • «Мәңгілік жаса, қыран елім Қазақстан» шарасы өтті
  • Ақындар елдікті жырлады
  • Туған жерді түлету - жастардың қолында
  • Балаларды отансүйгіштікке баулу парыз
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер