Түркістан қаласындағы химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде Түркістан қалалық полиция басқармасының өкілдері мектеп оқушыларына «Кәмелетке толмағандар арасында қылмыстың алдын алу» тақырыбы бойынша және жолда жүру ережелеріне қатысты түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
Тоқсандық демалыс кезінде құқықбұзушылықтың алдын алу және жолда жүру ережелері бойынша өткізілген басқосу барысында Түркістан ҚПБ-ң ЖПҚ-ң ЮПТ-ң УПИ-і полиция аға лейтенанты А. Шахаев пен полиция лейтенанты А.Жанабек кәмелетке толмаған жасөспірімдер арасындағы белең алған тәртіптік құқықбұзушылық әрекеттер жайлы айтып, одан сақ болудың жолдарын түсіндіріп өтті.
Сонымен қатар, түнгі уақытта жүру жасөспірімдердің өміріне қауіпті екендігін, бүгінде білім мекемелерінде, қоғамдық орындарда және сауда-саттық орындарында да бейнебақылау камералары арқылы бақылаудың қатаң жүргізілетінін ескертті. Онымен қоса, жасөспірімдер арасында қазіргі таңда мопедтер, скутерлер қатысуымен орын алған жол-көлік оқиғалары жиілеп, адам қазасына ұштасқан жағдайлар туралы бейнороликтер көрсетілді. Зияткерлер де өз кезегінде өз кезегінде жасөспірімдерге арналған әкімшілік және қылмыстық құқықбұзушылыққа қатысты сауалдарын қойды.
Полиция басқармасының өкілдері сөз соңында балалар мен жасөспірімдер арасындағы құқықбұзушылықтың алдын алу, кәмелетке толмағандар арасында қылмыстың өсуіне жол бермеу қоғамның алдында тұрған басты міндеттердің бірі екенін атап өтті.