Мектептердің серіктестігі мықты

image.png

Түркістандағы химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің ағылшын тілі пәнінің ұстаздары Гүлзада Жанжігітова мен шетелдік мұғалім Miroslav Curcic қаладағы Некрасов атындағы №9 мектеп-гимназиясының мұғалімдері мен оқушыларына тәжірибелік семинар мен ашық сабақ өткізді. Айта кетейік, ағымдағы жылдың 11 қазанында Некрасов атындағы №9 мектеп-гимназиясы мен Зияткерлік оқу ордасы арасында серіктестік туралы меморандум жасалған болатын. Бүгінде Түркістандағы NIS серіктес мектепке әдістемелік қолдау көрсетуді бастады. 

Мектеп-гимназиясының 9 сынып оқушыларына ағылшын тілі пәнінің мұғалімі Гүлзада Жанжігітова «Sport and Its Influence on Self-confidence» тақырыбында ашық сабақ өткізіп, оқу дағдысын арттыруда тиімді әдіс-тәсілдерін көрсетті. 

Сондай-ақ, шетелдік мұғалім Miroslav Curcic «Developing Students’ Writing Skills: Tips and Recommendations» тақырыбында серіктес мектеп ұстаздарына әдістемелік көмек ретінде семинар өткізіп, өз тәжірибесімен бөлісті.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Сайрамда бірқатар азаматтар марапатталды
  • «Мәңгілік жаса, қыран елім Қазақстан» шарасы өтті
  • Ақындар елдікті жырлады
  • Туған жерді түлету - жастардың қолында
  • Балаларды отансүйгіштікке баулу парыз
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер