«Шаңырақ» оқушылар қауымдастығының таныстырылымы өтті

image.png

Түркістан қаласындағы Зияткерлік мектепте «Шаңырақ» оқушылар қауымдастығының таныстырылымы өтті. Назарбаев Зияткерлік мектептеріндегі «Шаңырақ» оқушылар қауымдастығының құрылу мақсаты - бірыңғай топтар құру арқылы оқушыларды ауызбіршілікке, біртұтастыққа бейімдеу, жоғары сынып пен төменгі сынып оқушылары арасында бауырмалдық, ынтымақтастық рух, қамқорлық қарым-қатынас қалыптастыру. Осы орайда мектепте 11 шаңырақ қауымдастығы құрылып, зияткерлер шаңырақ атаулары мен таңбаларын және ұрандарын таныстырды.

Оқушылар өз шаңырақтарын таныстыруда әр бірлестік жеткен жетістіктерімен бөлісіп, түрлі сахналық қойылымдар қойып, шоу ұйымдастырып, ерекше көңіл-күй сыйлауда шараның көркін қыздырды. 

Әр шаңырақ қауымдастығы өз ұрандарын ұрандауда оқу жылы барысында мектептің үздігі болуға және мақтанышы болуға сөз беріп, NIS әнұранын орындады.

Айта кетейік, оқу жылы соңында өз жетістіктерімен көзге түсіп, желілік, республикалық және халықаралық деңгейде білім додалары мен мектепте ұйымдастырылған спорттық, зияткерлік, мәдени шаралар мен жарыстарға қатысып, белсенді болған ең үздік шаңырақ «Туған елге тағзым» өлкетанулық-зерттеу экспедициясына жолдама алады.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Сайрамда бірқатар азаматтар марапатталды
  • «Мәңгілік жаса, қыран елім Қазақстан» шарасы өтті
  • Ақындар елдікті жырлады
  • Туған жерді түлету - жастардың қолында
  • Балаларды отансүйгіштікке баулу парыз
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер