Қоршаған орта мен табиғатқа құрмет көрсету - адамзаттың қасиетті борышы. Осы орайда «Қазақстан Халық Банкі» АҚ Түркістан облыстық филиалы 100 жылдық мерейтой қарсаңында Түркістандағы химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебімен бірлесе отырып, «100 игі іс» жобасы аясында экологиялық акция ұйымдастырды. Мектептің көгалдануына өз үлестерін қосқан серіктес мекеме оқу ордасының ауласына 30 түп туя мен 20 түп арша ағаштарын отырғызды.
Отандық банк өкілдері мектеп ұжымы және оқушылармен бірге мектеп топырағына саялы ағаштар отырғызып, осылайша әсем қаламыздың экологиялық ахуалын жақсартуға атсалысты. Сондай-ақ, «Қазақстан Халық Банкі» АҚ Түркістан облыстық филиалының директоры Артур Таскарин жуық арада мектептің Қамқоршылық Кеңесі құрамына кіріп, NIS-тің дамуына үлес қосуға дайын екендігін жеткізді.
«Қазақстан Халық Банкі» АҚ Түркістан облыстық филиалы игі істен бастау алған сенімді серіктестік алдағы уақытта қоғамдық жұмыстармен жалғасын табады деп сенім білдірді.