Түркістан қаласы химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде NIS TRK talks TEDx форматында 11 сынып зияткерлері 7-10 сынып оқушыларымен кездесті.
Алаңда жоғары сынып зияткерлері «NIS-ке түскенге дейінгі және кейінгі мен» және «Сыртқы суммативті бағалауға қалай тиімді дайындалу керек?» тақырыптарында өз кейстерімен бөлісті.
Жоба спикерлері еліміздің Зияткерлік әлеуетін арттыруда үлкен стратегиялық маңызға ие Назарбаев Зияткерлік мектебінің оқушысы атану, «Өркен» білім беру грантының иегері ретінде сол жауапкершілікті сезіну NIS-ке қадам басқан әрбір жас өркен үшін маңызды екенін жеткізді. Онымен қоса, жоғары сынып оқушылары NIS-ке оқуға түскенге дейінгі және кейінгі өздерін салыстыруда айтарлықтай өзгерістер орын алғанын және тұлға ретінде қалыптасуда оқу ордасының қосқан үлесі мен жетістіктері жайлы бөлісті.
Ал 10 сынып оқушыларына «Сыртқы суммативті бағалауға қалай тиімді дайындалу керек?» тақырыбында 11 сынып зияткерлері дайындыққа қажетті ресурстар және тиімді кейстерімен бөлісті. Емтиханға дайындықты нақты жоспар бойынша ұйымдастыру, уақытты тиімді пайдалану, оқу материалдарында тақырыпты толық меңгеру, ұстаздармен кері байланыста болу бағалау кезінде нәтижелі жұмыстың көрсеткіші болатынын жеткізді.