«Бүкіл әлем сөйлейді нақты ғылым тілінде» айлығы басталды

image.png

Қазақстан Республикасының білім жүйесін 2015 жылға дейін дамыту түжырымдамасында: «Орта білім берудің мақсаты-жылдам өзгеріп отыратын дүние жағдайында алынған терең білімнің, кәсіби дағдылардың негізінде еркін бағдарлай білуге, өзін-өзі іске асыруға , өзін-өзі дамытуға және өз бетінше дұрыс, адамгершілік тұрғысынан жауапты шешімдер қабылдауға қабілетті жеке тұлғаны қалыптастыру » - деп айтқан. Бүгінгі таңда еліміздің білім жүйесінде  оқыту процесін  тың идеяларға  негізделген  жаңа мазмұнмен  қамтамасыз  ету міндеті тұр. Орта білім берудің  басты мақсаты- әлеуметтік, экономикалық, қоғамдық- саяси өмірге белсенді  араласуға дайын, құзіретті  тұлғаны қалыптастыруға  ықпал ету болып отыр. Осы  мақсатқа жету үшін  педагог ең алдымен  білім мазмұнының даму тенденцияларымен  оқу процесін  ұйымдастыруда қолданылатын   білім берудің жаңа  технологияларын білу керек.

Осы орайда Отырар ауданындағы С.Әшіров жалпы орта мектебінде  "Бүкіл әлем сөйлейді нақты ғылым тілінде" атты айлық негізінде сәйкес геометрия пәні бойынша Ерқұлов Бауыржан 8 "Ә"сыныбына"Тік бұрышты үшбұрыштың сүйір бұрыштарының тригонометриялық функциялары. Пифагор теоремасы"тақырыбында табиғат аясында геометрия аланыңда сабақтан тыс іс шара өткізілді. Сабақ барысында оқушылар фигураларды ажыратып өзіңе тән қасиеттерін айтып көрсетті. 

Геометрия – математиканың геометриялық фигуралардың қасиеттерін зерттеумен айналысатын бөлімі, ол латын тілінен аударғанда «сыртқы көрініс», «бейне» деген мағынаны білдіреді. Ол математикалық анализге, механикаға, физикаға, астрономияға, геодезияға, картографияға, кристаллографияға, тағыда басқа ғылымдарға елеулі ықпал етеді. Сонымен қатар, фигураларды кескіндеуге, модельдеуге  және құрастыруға, негізгі геометриялық шамаларды  (ұзындықтар, бұрыштар, аудандар, көлемдер) өлшеуге  қажетті практикалық дағдыларды игеруге мүмкіндік береді.

Отырар қаласында дүниеге келген аса білгір, данышпан ғалым Әл-Фарабидің өз кезінде ғылым мен мәдениетті дамытуға, оның ішінде геометрияны дамытып, оның қолданылу аясын кеңітуге қосқан үлесі ерекше болды. Ғұламаның ізі қалған ұрпақтары ретінде оқушылар сабақ барысында белсене қатысып алғырлықтарын танытты. 

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Сайрамда бірқатар азаматтар марапатталды
  • «Мәңгілік жаса, қыран елім Қазақстан» шарасы өтті
  • Ақындар елдікті жырлады
  • Туған жерді түлету - жастардың қолында
  • Балаларды отансүйгіштікке баулу парыз
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер