Сайрам ауданында оқушылар өздерінің тамаша жобаларын қорғады

Сайрам ауданында дарынды оқушылар арасында «Білім көрмсі» атты байқау ұйымдастырылды. Бұл іс-шара аудандағы Қасымбек Датқа елді мекенінде орналасқан «Green school» инновациялық жайлы мектебінде өтті. Ұйымдастырушылардың айтуынша, онда оқушылардың алған теориялық білімін іс-тәжірибеде қолдана алу дағдысын көтеріп, білім мен ғылымға деген махаббатын ашу, жас ғалымдар мен өнертапқыштарды тәрбиелеу.

Screenshot_3.jpg

Аталған көрмеге 1-11-сынып оқушылары қатысты. Онда физика, математика, логика, информатика, BILIM.IQ, химия, биология, география, қазақстан тарихы, дүние жүзі тарихы, қазақ тілі, қазақ әдебиеті, ағылшын тілі, орыс тілі, кәсіби бағдар, қаржылық сауаттылық, психология, бастауыш сынып пәндерінен жобалар ұсынылған. «Білім көрмесі» 8-сынып оқушыларының жасаған ракетасын аспанға ұшырылды. 

Көрмеге аталған мектептің физика пәні мұғалімдерінің жетекшілігімен 4 ракета жасалған еді. Оқушылардың қолымен жасаған ракетада ешқандай газсыз, бензинсіз тек су мен ауаның көмегімен ғана аспанға қалықтап ұшып, 50 метр биіктікті бағындырды. Әрі қарай көрме тарих пәні мұғалімдерінің ұйымдастыруымен ұлттық спортымыздың бірі – садақ атумен жалғасты. Физика пәні бойынша Жанагер Абишев «Электр құбылыстары» тақырыбында магнит өрісінің күш сызықтары тәжірибелік жұмысын және  батареяға қосылған электржелдеткішін көпшілік алдында қорғап, ұсынды. 

7-сыныптар «Моторсыз машинаны ұзақ қашықтыққа жүргізу» мақсатында өз жобаларын қонақтарға көрсету арқылы физика пәнінің ғылымға негізделген тәжірибелік пән екендігін дәлелдеп берді. Ал Асылжан Икрам ауа қысымы арқылы жұмыс істейтін су зымырандарының жұмыс істеу принципін түсіндірсе, Жұмалы Ерасыл өзінің медициналық шприцтермен жұмыс істейтін «Гидравликалық эксковаторын» таныстырды. Ұлдана Керімбек пен Алина Құлынбет су бөтелкелерінен жасалған «Герон субұрқағының» макетін көрсетті.

Білім көрмесінде математика пәні бойынша Жұлдыз Жұмабек бен Сабина Үсен өздері жасаған «Фигуралар» атты еңбегін жұрт назарына ұсынды. Жалғас Амантай және Һабиб Ақнияз өздерінің «Цилиндірлік тоқ көзін жинау» еңбегімен, керемет идеясымен келген адамдарды тәнті етті.

Химия пәні бойынша 7-сынып оқушылары Нұрәлі Әскер мен Абубәкір Орынбасар «Көмір қышқыл газының бөлінуі», 8-сынып оқушылары Байдалы Қасымхан мен Рамазан Ержанұлы «Химиялық жыландар» және «Жасанды бу» атты демонстрациялық тәжірибелер көрсетті. Бұл тәжірибелер оқушылардың химияға деген қызығушылығын күшейтті. 8-сынып оқушылары Гулдана Байбол мен Тоғжан Артық «Ньютондық емес ерітінді», 9-сынып оқушылары  Жаңылсын Ахмедиярова мен Хадиша Смаил «Вулкандық лава», 10-сынып оқушылары Пернехан Аманбай мен Бақнұр Сейман «Үй жағдайында қышқылдық ортаны анықтау» және «Отты көпіршік», 11- сынып оқушылары Зейнеп Усипова пен Нұрдана Олжабек «Оттек газын алу» атты химиялық тәжірибелер көрсетті. Әр түрлі тәжірибелік жұмыстар оқушылардың химия ғылымына деген қызығушылығын, сүйіспеншілігін арттыру мақсатында жасалынды.

Биология пәні бойынша Кәусар Төребек және Алуа Салимбай «Табиғи экожүйе, Су айналымы», Инабат Дүйсенбай және Жаннұр Бермаханбет «Қан қысымын өлшеу», Ташқара Алмат «Газды сусындардағы қант мөлшері», Сұлтанәлі Әбілқасым, Өтей Шыңғыс «Жүректің құрылысы», Ембай Мұхамедияр мен Нурмухаммед Рысбаев «Асқорыту механизмі», Жанерке Жандарбек «Салауатты өмір салты» (Бой мен салмақ реттілігі), Мустахим Абубакир және Алдамберген Шаттық «Өсімдіктердегі ксилема және флоема қабаттары» атты жобаларын қорғады.

 География пәні бойынша Дербис Рамазан «Жанартаудың атқылауы» атты ғылыми жобасын қорғады. Қазақстан тарихы мен дүниежүзі тарихы пәндерінен Шынар Төлепбек инновациялық технологияларды пайдаланып ұлт зиялылары жайлы мәлімет беретін QR кодын көпшілікке ұсынды, ал Айман Усенбаева алғаш жылқыны қолға үйретуші Ботайлықтардың тұрғын үйінің 7 бөліктен тұратындығын кішірейтілген макеті арқылы түсіндірді. Нұршуақ Мұсахан пен Жайлаубай Әділет қазақтың ұлттық киімдерінің сипаты мен шығу тарихы, олардың пайдасы мен ерекшеліктерін көрсетіп, баяндады. 11-сынып оқушысы Ғазиза Қабыл дүние жүзі тарихынан Ұлы Рим империясының тарихы, архитектурасы мен технологиясы жайлы ретроспективті фото-суреттерін көрсетті.

Қазақ тілі және әдебиеті пәні бойынша Мереке Абенова «Абай өлеңдеріндегі жүрек түрлері», Жақыпбек Айбек «Қазақ танымындағы жылқы малы», Нұрманқұл Сұңқар «Ақ және қара сөздерімен тіркескен фразеологизмдік тіркестер», Құдайберген Алипбеков «Қазақша комикстер арқылы оқушылардың кітап оқуға деген құштарлығын ояту», Кенжебай Нұрсұлтан «Қазақ пен қоңыр», Оспан Аян «Махамбет Өтемісұлы өлеңдерінің ерекшелігі» атты тақырыбында ғылыми жобаларын қорғады. Манат Досым мен Балым Қаратай Міржақып Дулатовтың өмірі мен шығармашылығын qr кодты буклеттермен таныстырды. Алмасұлы Темірлан мен Құдайберген Алихан Ыбырай Алтынсарин туралы кинолента жобасын қорғады.

Ағылшын тілі пәнінен Айжан Шертай мен Асқар Сұлтанғалиұлы «Peculiarities of British, American and Australian English», Амина Қуатбек мен Дилназ Керімбай «False friends», Кәусар Қайсар «Big Ben» атты тақырыптарда ғылыми жобаларын қорғады. Орыс тілі пәні бойынша Зухра Алтынбек «О чем рассказывает почерк?», Айя Александр «Интернет-мемы в изучении русского языка» атты ғылыми жобаларын қорғады. Психология бойынша АРТ-терапия, нейрожаттығулар, «Өзіңді таны» атты психологиялық тест, адам бойындағы интуицияның қаншалықты деңгейде жұмыс жасайтынын анықтауға арналған тесттер жинағы жүргізілді. 

Білім көрмесіне бастауыш сынып оқушылары да белсене қатысты. Олар табиғи материалдардың көмегімен «Алтын күз», «Күз – береке», «Қазақ ауылы», «Green school – менің мектебім» тақырыбындағы композициялар, математика-логикалық тапсырмалар, адам ағзасы макетін және үй жағдайында пластелин дайындау жобаларын көрсетті.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Сайрамда бірқатар азаматтар марапатталды
  • «Мәңгілік жаса, қыран елім Қазақстан» шарасы өтті
  • Ақындар елдікті жырлады
  • Туған жерді түлету - жастардың қолында
  • Балаларды отансүйгіштікке баулу парыз
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер