Ордабасы ауданындағы мектептердің жылыту маусымы қалыпты жүргізілуде

Ордабасы ауданында болған Түркістан облысы білім басқармасының басшысы Ғалымжан Сұлтанбекұлы аудандағы бірқатар білім нысандарын аралады. Онда ол білім ошақтарындағы техникалық қауіпсіздігінің сақталуы мен жылыту маусымының жүргізілу барысын қадағалады. 

Screenshot_6.jpg

Ғалымжан Сұлтанбекұлы Мағжан Жұмабаев атындағы орта мектепте болып, ондағы қатты отынын қорын көрді. Қатты отын жайғастырылған орынның тиісті талапқа сай/сай еместігін байқады. Жалпы білім ошағындағы қорда 230 тонна көмір бар екен.

Ал Төрткүл жалпы білім беретін мектебіндегі негізгі және қосымша ғимартатты да басқарма басшысы толық аралады. Мектептің қауіпсіздік жағдайын тексерді. Арнайы күзет, қоршау, бейне бақылау, дабыл батырмалары бойынша пысықтады. Қауіпсіздік жасақталған бұл мектеп те қатты отынмен жылытылады. 

Ордабасы ауданының білім бөліміне қарасты Е.Ерназаров атындағы жалпы орта мектебінде күрделі жөндеу жұмыстарының барысымен танысты.   Мердігер мекеменің басшысына Ғалымжан Сұлтанбекұлы «Келісімшартта көрсетілген уақытта мектептегі жөндеу жұмыстарын аяқтап, жоғары сапада болу керек. Күрделі жөндеуден өткен әрбір білім ұясы – қатаң бақылауда», - деп жеке бақылайтынын жеткізді. Бұл білім ошағында бүгінде 403 оқушы білім алуда. Оның 1-4-сыныптарында 157 оқушы Б.Оңтаев мектебіне 1,2 ауысымда, 5-11-сыныптағы 246 оқушы Тәуке хан мектебіне 2 ауысымда тасымалданып оқытылуда. 

Басқарма басшысы күрделі жөндеуден өтіп жатқан мектептің балалары уақытша білім алып жатқан Бейсен Оңтаев атындағы жалпы білім беретін мектепте де болды. 1-11-сынып бойынша 916 оқушы білім алуда екен. Ал даярлық сыныбында 56 оқушы оқиды. Мектеп қатты отынмен жылытады. Көмір қоры жеткілікті, 288 тонна бар. 16 бейнебақылау камерамен қамтамасыз етілген. Мектеп 1980 жылы берілген. Сыйымдылығы 1276 оқушы. Сондай-ақ, басқарма басшысы мектептің АКТ залын ерекше атап өтті. Себебі мемлекеттен бір тиын алмай, толықтай демешілер тарапынан қолдау тауып, жаңа үлгідегі АКТ залының бүгінгі көрінісіне тәнті болды. 

Ордабасы ауданындағы іс-сапар барысында басқарма басшысы Темірлан жалпы білім беретін мектебіне де ат басын бұрды. Асхана мен спорт залының жағдайымен танысқан, басқарма басшысы білім ұясының қауіпсіздік талаптарын да пысықтады. Ыстық тамақ 227 балаға тегін беріледі. 3 жыл бұрын пайдалануға берілген мектептің сыйымдылығы 600 орындық. 

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Сайрамда бірқатар азаматтар марапатталды
  • «Мәңгілік жаса, қыран елім Қазақстан» шарасы өтті
  • Ақындар елдікті жырлады
  • Туған жерді түлету - жастардың қолында
  • Балаларды отансүйгіштікке баулу парыз
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер