Ордабасы ауданындағы С.Ысмайл атындағы орта мектепте аудандық семинар өтті

Ордабасы ауданында математика және физика пәндері бойынша аудандық семинар ұйымдастырылды. Ордабасы ауданы әкімдігі білім бөлімінің әдістемелік кабинетінің математика және физика пәнінің әдіскері С.Реңдібаеваның айтуынша, бұл семинар С.Ысмайлов атындағы жалпы орта мектебінде ұйымдастырылып, оған аудандағы барлық мектептен жаратылыстану пәндерінің мұғалімдері қатысыпты. 

Screenshot_7.jpg

- Аудандағы С.Ысмайлов атындағы жалпы орта мектебінде математика және физика пәнін басымдылыққа алып биология, химия, информатика пәндерімен интеграцияланған «STEM/ЅТЕАМ тәсілдерін қолдана отырып, оқушылардың функционалдық сауаттылығын арттыру» тақырыбында аудандық тәжірибелік семинар өтті. Ол семинардың мақсаты – оқушылардың білу және жұмыс істей алу қабілеттерін, өнертапқыш шешімдері мен зерттеушілік қызметтерін тәжірибелік форматтарда көрсету, «STEM/ЅТЕАМ» тәсілдерін қолдана отырып, оқушылардың функционалдық сауаттылығын арттыру болатын, - дейді әдістемелік кабинетінің математика және физика пәнінің әдіскері С.Реңдібаева.

Семинар аясында Әлия Имаш пен Аружан Шомекеева «Өрнектерді тепе-тең түрлендіру», Ақбота Досова мен Қаракөз Маханбетова «Призма, пирамида, қиық пирамида тақырыптарына практикалық тапсырмалар орындау» тақырыбында ашық сабақ өткізіп, «Ақылды үй» жобасын жасап шықты. Сауле Исабекова мен Ақшолпан Аширова «Түзу мен жазықтықтың өзара орналасуы. Жазықтықтардың параллельдігі» тақырыбында сабақ өтіп, оқушылардың зерттеуімен «Ландшафты жоба» жасап шығарды. 

Бұдан бөлек, Бақыткүл Медетова мен Арайлым Жамалбекова «Булану және конденсация. Қаныққан және қанықпаған бу» тақырыбында зерттеу жұмысын көрсетіп, балмұздақ жасап қонақтарды таңқалдырды. Сабира Рендибаева, Алтынкүл Илебаева Алтынкүл, Наргиза Атеева мен Айгүл Қаражігіт шебер сынып өтіп, өз тәжірибиелерімен бөлісті. Семинарға білім беру ұйымдарынан математика, физика, биология пәнінің мұғалімдері қатысты.

Іс-шара соңында пән мұғалімдері кері байланыс жасап, семинардан «STEAM» тәсілі  біздің балаларымызды, өнертапқыштардың, жаңашылдардың және көшбасшылардың болашақ буынын ғалымдар секілді зерттеулер жүргізуге, технологтар секілді модельдеуге, инженерлер, математиктер секілді талдамалы түрде ойлауға және бала секілді ойнауға шабыттандыратын тәсіл екенін атап өтті.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Сайрамда бірқатар азаматтар марапатталды
  • «Мәңгілік жаса, қыран елім Қазақстан» шарасы өтті
  • Ақындар елдікті жырлады
  • Туған жерді түлету - жастардың қолында
  • Балаларды отансүйгіштікке баулу парыз
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер