Түлкібас ауданындағы А.Асқаров атындағы орта мектепте жас ақындардың әдеби кеші өтті

Түлкібас ауданындағы Асанбай Асқаров атындағы жалпы білім беретін мектебінде «Ізгілікке қалам тартқан.. жас ғұмыр» атты әдеби шығармашылық кеш ұйымдастырылды. Мектеп кітапханасының меңгерушісі Ғазиза Ибраимованың айтуынша, «Балалар кітапханасы» жобасы аясында ұйымдастырылған әдеби шығармашылық кешке кітапхананың жас оқырмандар мен жас ақындары қатысыпты. 

Screenshot_21.jpg

- Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздің рухани астанасы Түркістан қаласында өткен Ұлттық құрылтайда білім саласына қатысты ұзақ мерзімге арналған идеологиялық басым бағыттарды айқындап, нақты шешу жолдары ұсынды. «Жас ұрпақтың, әсіресе, қазіргі құбылмалы заманда сыни тұрғыдан ойлай білуі маңызды. Балаларымыздың танымы кең болуына жағдай жасауымыз қажет. Мектепте оқушылардың тұлға ретінде қалыптасуына ықпал ететін дәрістер оқытылуға тиіс» деген болатын. Жалпы Әділетті Қазақстанды Адал азаматтар ғана құрады. Мемлекет басшысы «Адал азаматқа тән қасиеттер әрбір жастың бойынан табылуға тиіс» деді. Ұлттың жаңа болмысы білім, ғылым және мәдениет саласын дамыту арқылы қалыптасады. Осы бағытта бізге орасан зор жауапкершілік пен міндет жүктеліп отыр. «Тәрбие тал бесіктен басталатынын» ескере отырып, өскелең жас ұрпақтың бойына адалдық қағидаттарын сіңіреміз десек, ең алдымен оған өзіміз өнеге көрсетер тұлға болуымыз керек. Бұл мақсатта Түлкібас ауданындағы Асанбай Асқаров атындағы жалпы білім беру мекемесінде жоспарлы жұмыстар атқарылуда. Соның бірі осы «Ізгілікке қалам тартқан.. жас ғұмыр» атты әдеби шығармашылық кеш, - дейді Ғазиза Ибраимова.

Оның айтуынша, кештің мақсаты - білім алушыларды патриотизмге, адамгершілік пен ұйымшылдыққа, салауатты өмір салтын насихаттауға, бос уақытын тиімді өткізуге, отбасылық құндылықтарды дәріптеуге тәрбиелеу. Ол мектептің 5,6,7 және 8-сынып оқушыларымен аталған жоба аясында оқушылардың кітаптан  оқыған романдарын, қызықты әңгімелерін, ертегілерін, өлеңдерін бірлесе отырып талқылады. Мектептің педагог психологы К.Ошаева оқушыларға кітап оқудың  орасан пайдасын, оның оқушының сана сезімінің жетіліп дамуына  үлкен әсері бар екендігін  айтып кетті. 

«Оқушылар арасында ұйымдастырылған кеш өте қызықты, тартымды өтті. Алдағы уақытта мұндай іс-шараларды мектепте жиі ұйымдастырып отыру жоспарымызда бар. Бір сөзбен айтқанда мұндай әсерлі, оқушылардың білім-қабілетін аша түсетін кештер алдағы уақытта да жалғасын таба беретін болады», - дейді Мектеп кітапханасының меңгерушісі Ғазиза Ибраимова.

Сондай-ақ Асанбай Асқаров атындағы жалпы білім беретін мектебінде   күзгі демалыс кезінде атқарылатын іс-шаралар жоспарына сәйкес мектеп қосымша педагогы Нүргүл Қоқабасова ғылыми жоба жұмыстары мазмұны туралы ақпараттық танымдық сабақ ұйымдастырды. Сабақтың мақсаты -  білім алушыларды патриотизмге, адамгершілік пен ұйымшылдыққа, салауатты өмір салтын насихаттауға, бос уақытын тиімді өткізуге, отбасылық құндылықтарды дәріптеуге тәрбиелеу. 

Мектептің қосымша педагогы Н. Қоқабасова 9-11 жоғары сынып оқушыларымен бірлесе ғылыми жоба жұмыстары мазмұны туралы ақпараттық танымдық сабақ өткізді. Сабаққа 9-сынып оқушылары белсене қатысып, өздерінің болашақта жасағалы отырған ғылыми жобалары мен жоспарлары туралы  сапалы  мәліметтер беріп кетті.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Сайрамда бірқатар азаматтар марапатталды
  • «Мәңгілік жаса, қыран елім Қазақстан» шарасы өтті
  • Ақындар елдікті жырлады
  • Туған жерді түлету - жастардың қолында
  • Балаларды отансүйгіштікке баулу парыз
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер