Түлкібас ауданындағы Т.Рысқұлов атындағы жалпы білім беретін мектепте оқушылардың күзгі демалысы жақсы іс-шараларды ұйымдастыру арқылы көңілді өтті.
Мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары М.Бейсееваның айтуынша, бұл демалыс күндері оқушылардың білім дағдыларын қалыптастыру мақсатында спорттық, әдебі-музыкалық кештер ұйымдастырылған. Сонымен қатар ата-аналардың қатысуымен оқушы білімін көтеру, педагог мәртебесін арттыру туралы жиындар да ұйымдастырылыпты.
- Президентіміз Ұлттық құрылтайда біздің ұлттық бірегейлігіміз табыстылықта екенін айтты. «Бұл ел дамуының маңызды стратегиясына айналуға тиіс. Әр білім мекемесі өз алдына «Біз қайткенде табысты балабақша, табысты мектеп, табысты колледж бола аламыз» деген мақсат қойып, оған жауап беруге дайын болуы керек» деді Мемлекет басшысы. Президентіміз «Ел атын әлемге танытып жүрген жастар ұлттың рухын жаңғыртуда» деп атап көрсетті. Біз жастардың бойындағы өнер-білімге, ғылымға, жаңашылдыққа деген осы серпілістің қарқынын сақтай отырып, оны күшейтуіміз, дамытуымыз қажет. Мемлекет басшысы білімді дамыту арқылы ұлттың жаңа сапасын қалыптастыру керек деп міндет жүктеді, мұны біз абыроймен атқарудамыз. Оқушылардың тәрбиесі мен біліміне мұғалімдердің қосып отырған үлесі зор, - дейді Мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары М.Бейсеева.
Оның айтуынша, оқушылардың күзгі демалыс жұмыс жоспарын сәйкес оқушылардың бос уақытын тиімді өткізу мақсатында футболдан үйірме жұмысы жүргізілді. Ол үйірменің жетекшісі С.Жаналиевтың ұйымдастыруымен жоспарға сәйкес дене шынықтыру пәнінің мұғалімі футзалдан үйірме жұмысын жүргізіп, футбол техникасын үйретті. Дене жаттығуын жүргізіе отырып футбол ойынының қыр сырын түсіндірді.
Бұдан бөлек, мектепте сынып жетекшілерінің семинары өткізілді. Онда сынып жетекшілерге «Ата-аналарды білім беру ұйымдарында педагогикалық қолдау бойынша нұсқаулық» таныстырылды. Бұл бойынша сұрақ жауап, қалай ұйымдастыру керектігі туралы талқылау жұмыстары жүргізілді.
Кез келген елдегі жағдайдың шынайы өлшемі – балаларға қаншалықты қамқорлық жасалуы, олардың денсаулығы мен қорғалуы, материалдық әл-ауқаты, білімі және әлеуметтенуі. 2022 жылы Халықаралық балаларды қорғау күніне орайластырылған сөзінде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік саясаттың балалық шақты қолдауды басты назарда ұстайтынын атап өтті: «... әлемде балалардың бақыты мен күлкісінен маңызды ештеңе жоқ. Өскелең ұрпақтың жан-жақты дамуы үшін қолайлы жағдайлар жасау әрқашан біздің мемлекетіміздің басты міндеттерінің бірі болды» деген еді. Сондықтан Ата-аналарды педагогикалық қолдау бойынша сабақтар өткізу жөніндегі нұсқаулықта сабақтарды өткізудің әдістемелік тәсілдері берілген. Олар, Ұйымдастырушылық-әдістемелік тәсілдер; Ата-аналармен сабақ мазмұнындағы ұлттық құндылықтар; Ересектермен сабақ өткізу ерекшеліктері; Ата-аналарды педагогикалық қолдау сабақтарындағы интерактивті әдістер; Оқытудың интерактивті әдістерін қолдану бойынша ұсыныстар; Интерактивті сабақты өткізу ерекшеліктері; Ата-аналарға педагогикалық білім беру процесінде сәттілік шарттары деген аталымдардан тұрады.
- Қазіргі таңда жалпы ата-аналарды мектепке тарту өзекті мәселелердің бірі, ата-аналарды 100 пайыз қамту мектепке, ұстаздарға оңай болайын деп тұрған жоқ. Жалпы тәрбие мәселесі білім процесімен қатар жүретін ауқымы кең шара. Өскелең ұрпақты жан-жақты дамыған тұлға ретінде қалыптастыру, ұлттық құндылықтар негізінде тәрбиелеу арқылы бала бойындағы қасиеттерді дамыту мақсатында жоғарыда өткен іс-шаралар аясында алдағы тоқсанның жоспары бекітіліп, нақты міндеттер анықталды, - дейді мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары М.Бейсеева.