Түлкібас ауданында Ә.Молдағұлова атындағы орта мектепте ата-аналардың қатысумен жиын өтті

Түлкібас ауданындағы Әлия Молдағұлова атындағы орта мектепте білім саласына барынша дұрыс көңіл бөлінген. Ата-аналармен өткізілетін жиналыстар мен кездесулер де жоспарға сәйкес өткізіліп қана қоймай, баланың білімін көтеруге бағытталған іс-шаралар тұрақты ұйымдастырылып отырады. 

Screenshot_23.jpg

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» атты Жолдауында білім саласына баса мән берді. «Орта білімнің сапасы – табысты ұлт болудың тағы бір маңызды шарты. Әрбір оқушының білім алып, жан-жақты дамуы үшін қолайлы жағдай жасалуға тиіс» деді Президент Жолдауында. Бұл талап үдесінен Түлкібас ауданындағы Әлия Молдағұлова атындағы білім ошағы табысты шығып келеді. 

Жуырда ата-аналарды педагогикалық қолдау орталығының кезекті жоспарына сәйкес Ә.Молдағұлова атындағы жалпы білім беретін мектебінің  сынып жетекшілері Перизат Болатбекова, Алмас Тұрғын және педагог-психолог Балнұр Әбдіраимның ұйымдастыруымен «Баланың бас ұстазы – ата-ана» атты тақырыбта 5-9-сынып оқушыларының ата-аналарымен жаңа форматта тренинг өткізді.       

- Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің халыққа арнаған кезекті Жолдауында «Қазақта «Ел боламын десең, бесігіңді түзе» деген сөз бар. Сондықтан, мектептегі тәрбие жұмысы басты назарда болуы керек. Балаларымыздың сапалы білім алу үшін барлық жағдай жасалуы тиіс.  Білімді ұрпақ – біздің басты құндылғымыз. Сондықтан оқудың барлық кезеңінде балаларға қолайлы жағдай жасау – бізідің негізгі міндетіміз, - деді мектептің педагог-психолог Балнұр Әбдіраим.

Оның айтуынша, «Баланың бас ұстазы – ата-ана» атты тақырыбта ұйымдастырылған іс-шараның басты мақсаты – оң тәрбиенің мәнін, принциптерін және дағдыларын дамыту арқылы ата-аналардың педагогикалық мәдениетін дамыту. «Позитив – психологиядан бастау алады. Ең алдымен өз балаларымызды тыңдауды және естуді үйренуіміз керек. Қазіргі жасөспірімдер қандай? Біздің балаларымыздың осы қалыптасу кезеңінің жас ерекшеліктері қандай? Осы сұрақтар төңірегінде әңгіме өрбіттік. Бұл жаста өсу тез болса да тегіс бола бермейді. Сондықтан ата-аналармен балаларының мінез-құлықтары туралы, бір-біріне деген қарым қатынастары жайлы әңгіме ортаға салынды. Тренинг барысында ата-аналар өз ойларымен бөлісті» дейді Балнұр Әбдіраим. 

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Сайрамда бірқатар азаматтар марапатталды
  • «Мәңгілік жаса, қыран елім Қазақстан» шарасы өтті
  • Ақындар елдікті жырлады
  • Туған жерді түлету - жастардың қолында
  • Балаларды отансүйгіштікке баулу парыз
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер