Түлкібас ауданы Сәкен Сейфуллин атындағы жалпы білім беретін мектебінде «Gowerking» орталығында «Ғылыми жоба мазмұны туралы ақпараттық танымдық» сабақ өткізілді. Оның ұйымдастырушысы, мектептің «Кәсіптік бағдар беру» педагогы Гүлжан Рахашева. Оның айтуынша, ол іс-шараға мектеп оқушылары мен ата-аналар қатысып, белсенділік танытқан.
- Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Жолдауында ұлттық бірегейлігімізді нығайтып, еліміздің жаңа құндылықтарын орнықтыруда үкімет пен қоғам күш біріктіріп жұмыс істесін деп тапсырма берді. Әділетті Қазақстанды Адал азаматтар ғана құрады. Мемлекет басшысы Адал азаматқа тән қасиеттер әрбір жастың бойынан табылуға тиіс деді. Ұлттың жаңа болмысы білім, ғылым және мәдениет саласын дамыту арқылы қалыптасады. Осы бағытта бізге орасан зор жауапкершілік пен міндет жүктеліп отыр. «Тәрбие тал бесіктен басталатынын» ескере отырып, өскелең жас ұрпақтың бойына адалдық қағидаттарын сіңіреміз десек, ең алдымен оған өзіміз өнеге көрсетер тұлға болуымыз керек» дейді Президент. Міне, бүгін мектепте 11-сынып оқушылары арасында оларға кәсіптік бағдар беру аясында «Gowerking» орталығында «Ғылыми жоба мазмұны туралы ақпараттық танымдық» сабақ өткізілді, - дейді ол.
Сабақ барысында мектептің ағылшын пәнінің мұғалімі, ғылыми жобасын қорғағанШынар Дүйсекеева 11-сынып оқушыларына, ата-аналарға ғылыми жұмыс жасау және оны қорғау кезіндегі бағаланатын критерилермен, қойылатын балдық жүйелер бойынша түсіндіріп өтті. Осылайша 11-сынып оқушыларына ғылым жолын таңда, зерттеу жүргізу жолдары түсіндірілді. Олардың алдағы уақытта өз таңдауларын жасауға, бір маманды таңдауларына мүмкіндіктер жасалды. Оқушылардың сабақ барысында білім саласындағы ғылыми жобаларға деген қызығушылықтары арта түсті.
Сондай-ақ Сәкен Сейфуллин атындағы жалпы білім беретін мектебінде оқушылардың тұлғалықты дамыту мақсатында «Біртұтас тәрбие бағдарламасы» аясында балалар кітапханасы жобасы бойынша кітапханада «Ізгілікке қалам тартқан... жас ғұмыр» атты оқырмандарымен кездесу өтті. Оқушылар оқыған кітаптарын талқылап өтті. Мектеп кітапханашысы Гульфия Усеинова «Менің сүйікті кітабым» тақырыбында дәстүрлі кітап көрмесін ұйымдастырды. Іс-шара барысында қазақ тіліне аударылған шетел балалар әдебиеті Роулингтің Харри Поттер жайлы хикаялары туралы әңгіме жүргізді. Оқушылар кітапқа деген сезімдерінің жақсы әңгімелеп, көркем сөз арқылы айтып жеткізді.