Келес ауданында жас ғалымдар жеміс, ағаш және гүл өсіндерінің жаңа сұрыптарын будандастыруда

Келес ауданында білімді жастарға қолдау көп. Әсіресе мектеп оқушыларының қоршаған ортаны құрметтеуге, сол бағытта ғылыми жобалармен айналысуына барынша мүмкіндік жасалған. Мәселен, №25 Сәкен Сейфуллин  атындағы жалпы білім беретін мектебінің 10-сынып оқушысы Қазына Ералхан үш жылдан бері жүзімнің бірнеше сұрпын жасыл қалемшелеу әдісімен өсіріп келеді. 

Screenshot_34.jpg

Жас ғалым осы тақырыпта ғылыми жұмыс та жазды. Ғылыми жұмыстың өзектілігі  «Корневин» өсу препаратын қолдану арқылы қалемшелердің тамырлану деңгейі жоғары, өсуі және жеміс беру мерзімі ерте болғанын зерттеу. 

– Жалпы өсімдіктердің өсуін тездету үшін жасыл қалемшелеу әдісін қолдансақ нәтижелі болмақ. Келешекте жүзім сорттарын микроқалемшелеу, бүршікті көктету, зерттеу жұмыстарын жүргізуді ойластырып отырмын. Жүзімнің шамамен мыңдаған түрі кездеседі. Сондықтан бұл бағыттағы зерттеуім қызықты болмақ, - дейді Қазына Алтынбекқызы. 

Ғылымға құштар қыздың болашақтағы арманы – биотехнология саласында еңбек ету. Ал жасыл қалемшелеу дегеніміз не? Ол өсімдіктерді вегетативті жолмен көбейту тәсілдерінің бірі. Жасыл қалемшелер регенерация процессі барысында қалемше сабағынан қосалқы тамырларды, ал бүршіктерінің дамуы нәтижесінде өркендердің пайда болуын қамтамасыз етеді. Өсімдіктерді жасыл қалемшелеу әдісімен көбейту арқылы құнды шаруашылық қасиеттері бар генетикалық біртекті отырғызу материалын алуға болады.

Сондай-ақ осындай жобамен айналысып жүрген №37 Рахымжан Қошқарбаев атындағы жалпы орта білім беретін мектебінің 8-сынып оқушысы Нұрсұлтан Сәрсенбектің де ағаш өсіруде ашқан жаңалығы таңдай қақтырарлық. Атап айтсақ, Нұрсұлтан қайың ағаштарының бірнеше түрлеріне сипаттама жасау арқылы лабораториялық жағдайда микроөркендерін арнаулы контейнерлік ыдыстарға бөліп өсіріп, оларды жеке торфты таблеткаларға отырғызған. 

Бүгінгі күні мектеп оқушысы «Қайың ағашының пайдасы мен ерекшеліктері шаруашылықта және медицинада қолдану» атты тақырыпта зерттеу жұмысын жүргізген. Оның мaқcaты қaйың ағаштарының емдік қасиеттері мен ерекшеліктерін зерттеу.

- Өңірдегі Ақсу, Балдыберек, Төңкеріс, Қасқасу елді мекендерінде өсетін қайың түрлерінің микроөркендерін бөліп алып Түркістан облысының көрікті жерлеріне отырғызып көгалдандыру жaғдaйындa зepттeу apқылы жaңa ғылыми дepeктep aлуға болады, - дейді жас ғалым.

Оның жетекшісі, биология пәнінің мұғалімі Сенбі Мамашов шәкіртінің ғылымға деген ынтасын дұрыс бағытқа бұрып, оның ғылым жолына түсуіне  өз үлесін қосуда. Мектеп мұғалімі оқушысымен бірге қайыңның жас өркендерін торфты таблеткаларға отырғызуға көмектескен. Алдағы уақытта Нұрсұлтан осы зерттеуін ғылыми жобалар байқауына ұсынбақ.

Ал №11 Жолбасшы жалпы орта мектебінің 9-сынып оқушысы Айкөркем Данабек болса үй гүлдерін өсірумен айналысуда. Ол бүгінгі таңда пән мұғалімімен бірге зертеу жүргізіп қана қоймай мектеп іргесіндегі жылыжайда онға тарта гүл өсіруде. 

«Гүл адамның жанына жылу сыйлайтын өсімдік. Оны баптау да, өсіру де қызық. Бүгінгі таңда гүл өсірумен айналысатын шаруашылықтар қатары артып келеді. Оны баптай білсең табысы да көл-көсір. Гүл өсіру Голландияда, Германияда, Жапонияда, басқа да бірқатар елде жақсы дамыған. Тараз қаласына жолым түскенде жылыжайда өсіріліп жатқан ботаника бағында гүлдің мыңдаған түрі мен сортына куә болдым. Сөйтіп, оны қалай өсіру керек, қандай материалдар қажет деген сұрақтармен өзім тұрып жатқан Жолбасшы елді мекенінде гүл өсіретін Бахтияр Исмаиловтың жылыжай шаруашылығына барып, өз жобамды жүзеге асыруға мүмкіндік алдым, дейді жас ғалым. 

Көп адам жылыжайдың басты проблемасы жылыту деп ойлайды. Көктем және жаз айларында гүлдер үшін ауаны қалай салқындату туралы білу де маңызды. Қазір жылыжайда желдеткіштер үнемі жұмыс істеу қажет. Егер өшірілсе, отыз минут өтпей-ақ жылыжайда 30-35 градус жылы болады. Ол жылы жайдағы гүлдерге жылудың шамадан артың, улы газдардың жоғары деңгейде түзілуіне әкелеуіне септігін тигізеді. Мұндай жағдай қоршаған ортаға және жылы жайдағы гүлдерге теріс әсер етуі мүмкін.  Жазда желдеткіштің шамасы келмейді, қабырғаларды алып тастауға тура келеді. Жаратылыстану ғылымы Биология пәні бойынша Ботаника зерттеуілер бойынша өсімдіктерді өсіруге қызығушылық танытқан Айкөркем гүл мен бұталы ағаштарды жерсіндіріп, жетілідіруде. Шағын жылыжай ішінде қазір осындай 10-ға жуық өсімдік түрі жайқалып тұр. Ботаникалық жылыжай «Гүл» шаруашылығымен айналысатын Исмаилов Бахтияр ағамен жиі байланыста болып, зерттеу тәжірибелерін арттырып жатырмыз.  Гүлдерді бапттауда оларға мән беру өте маңызды. Топырағын қопсытып тұру керек. Кейін артық жапырағын қырқып тұрамыз және жапырақтарына қажетті мөлшерде су беру керек. Одан артық берсек, температураға қарсы болады. Жалпы оқушым осының бәрін меңгерген, - дейді биология пәнінің мұғалімі Биғазы Арипбаев. 

Алдағы уақытта Айкөркем өз тәжірибесін іс тәжірибе жүзінде арттыра түспек. 

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Сайрамда бірқатар азаматтар марапатталды
  • «Мәңгілік жаса, қыран елім Қазақстан» шарасы өтті
  • Ақындар елдікті жырлады
  • Туған жерді түлету - жастардың қолында
  • Балаларды отансүйгіштікке баулу парыз
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер