Келес ауданында авторлық бағдарлама қорғап жүрген мұғалімдер көп

Келес ауданында ғылыми жобалармен айналысып, оқушылардың білімі мен сауаттылығын арттыруға бағытталған авторлық бағдарламалар жазып, ауданға, арысы облыс пен республикаға насихатталып жүрген мұғалімдер қатары артып келеді. 

Screenshot_35.jpg

Мәселен, аудандағы №39 Л.Жолдасов атындағы жалпы білім беретін мектебінің орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Алтынай Асилбекова «Орыс тілі сабақтарында инклюзивті білім берудің өзекті мәселелері» тақырыбында авторлық бағдарлама жазса, ал №62 Н.Шойбеков  атындағы жалпы орта мектебінің математика пәнінің мұғалімі Феруза Шаншарова «Мәтінді есептерді шешу» тақырыбында авторлық бағдарламасын қорғады. 

Орыс тілі пәнінің мұғалімі Алтынай Асилбекованың айтуынша, сөйлеу мен интеллектуалды дамудың өзара байланысы білім беру мекемелерінде сабақтарда жарқын көрініс табады екен. Ал инклюзивті білім беруде болса тілдің құрылымын көрсететін және оқушылардың сөйлеу құзыреттілігін дамыту өзекті мәселе болып табылады. «Білікті педагог орыс тілі сабақтарында оқушылар әдеби тіл нормалары мен сөйлеу этикетінің ережелері туралы түсінік алып ғана қоймай, өзара қарым-қатынаста коммуникативті құзыреттілік қалыптастыру маңызды» дейді жоба авторы.

- Инклюзивті сыныптарда сабақ беру кез келген мұғалімнен үлкен тәжірибені талап етеді. Ал тілді үретуде балалардың лексикасы мен фразеологиясының негізгі стилистикалық ресурстарын, орыс әдеби тілінің негізгі нормаларын орфоэпиялық, лексикалық, грамматикалық, орфографиялық, пунктуациялық, сөйлеу этикетінің нормаларын меңгеруі үшін қарапайым сабақ өту жеткіліксіз. Сондықтан бұл авторлық бағдарлама барлық мұғалімдерге әсіресе жас мамандарға көмекші құрал болады деген сенімдемін, - дейді ол. 

Бір атап өтерлігі, Алтынай Садуакасовнаның авторлық бағдарламасында күнтізбелік тақырыптық жоспар мен қысқа мерзімді жоспарлар толық берілген.

Ал Келес ауданының орталығы Абай ауылынан шалғайда жатқан Ащыкөл елдімекеніндегі №62 Н.Шойбеков атындағы жалпы орта мектебінің математика пәнінің мұғалімі Феруза Шаншарова «Тәлімгер» ғылыми-әдістемелік орталығы ұйымдастырған «Авторлық бағдарлама жазудың  әдістемесі тақырыбында тренерлік» курсын бір айда аяқтап, 8-сынып оқушыларына арналған математика пәнінен «Мәтінді есептерді шешу»  тақырыбында авторлық бағдарламасын сәтті қорғап шыққан болатын. Ол бұл жұмысты оқу жылының  жазғы демалыс уақытында жеке ізденісінің арқасында жасақтағанын атап өткен жөн. 

Феруза Шаншарова туралы айтатын болсақ, оның Н.Шойбеков  атындағы жалпы орта мектебінде мамандығы бойынша жұмыс істеп жүргеніне 25 жылдың жүзі болған. Сарапшы категориясындағы мұғалім биыл жеке ізденісінің арқасында «Авторлық бағдарлама жазудың әдістемесі  тақырыбында тренерлік» курсының сертификатына ие болған. Сол курсты  оқып жүргенде «Тәлімгер» ғылыми-әдістемелік  орталығының  директоры  Медет Қондыбайдан Түркия елінде өтетін семинарға қатысуға ұсыныс алған. Сөйтіп, Ыстамбул қаласындағы «Gelisim» университетінде «Etkili  Iletisim» яғни, «Тиімді  оқыту» деген тақырыпта өткен семинарда білімін жетілдіре түседі. Ол жерде PSD докторы Чагла Илхомнан дәріс алды. «Бұл сапарын жоба авторы әсерлі де, пайдалы сапарым болды» деп есептейді. 

- Түркиядағы сапарымыз өзінің сондай жылылығымен,  шынайылығымен ерекше болды. Себебі, тобымыздың жартысы жастар, жас  педагогтар, ал жартысы «әдемі  жастағы» тәжірибелі (қай  жағынан  алсақ та) мен сияқты әріптестер болды. Жастар бізді өмірге, жұмысқа жаңаша  көзқарастарымен өзгертті дей аламын. Жылдам ойлау, шешім қабылдау, өз  еңбегіңді  бағалау, тіпті әдемі киіну жалғастыра беруге болады. Жаңа  форматтағы жас мұғалімдермен пікірлесу «Босфор» бұғазының жағасында  тұрып өз тәжірибең жайлы ойлану, болашаққа бағдар жасау керемет әсер сыйлады, - дейді Феруза Шаншарова. 

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Сайрамда бірқатар азаматтар марапатталды
  • «Мәңгілік жаса, қыран елім Қазақстан» шарасы өтті
  • Ақындар елдікті жырлады
  • Туған жерді түлету - жастардың қолында
  • Балаларды отансүйгіштікке баулу парыз
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер