Келес ауданында кәсіппен айналысатын оқушылар көбеюде

Келес ауданында өнерлі оқушылардың қатары артып келеді. Қарап отырсақ, бүгінде ауданда гүл өсіріп, жеміс ағаштарын будандастырып, құрылыс заттарын шығарудың жаңа технологияларын шығарып жүрген оқушыларды білеміз. Ал ендігі кезде мүсін жасаушы мен тұрмыстық қалдықтардан макет жасауды меңгеріп алған оқушылар тұрады. 

Screenshot_36.jpg

Атап айтсақ, №20 Т.Бердияров атындағы жалпы білім беретін мектептің 5-сынып оқушысы Нұрсырым Ұлық 9 жастан бері мүсін жасаумен айналысып келеді екен. Ол бұл кәсіпті жақсы меңгеріп алғаны сонша, бүгінде өз ісінің маманына айналған. Қазір жас мүсінші түрлі кәдесыйлар мен ақша жинауға арналған теңге жәшіктерін жасап жүр. Сондай-ақ той-томалақтарға түрлі кәдесый жасап, бұйымдарға тапсырыс қабылдауда. Оның бұл өнерге деген қызығушылығын арттырғаны ол тик-ток желісі. Одан әрі білімін ғаламтор арқылы жетілдіріп, аз уақыттың ішінде оны отбасылық кәсіпке айналып үлгерген. Оған бір жағы ата-анасы да қолдау көрсетуде. 

– Теңге жәшігі секілді дүниелерді тұтынушылар сұранысымен тойларға «тойбастар» ретінде, бесік той, құдалық тойларға шуылдаққа тапсырыспен шығарып жатырмыз. Мектепте еңбек пәнінің болғанын асыға күтемін. Болашақта осы саланы тереңірек меңгеруге бар күш жігерімді саламын, – дейді Нұрсырым.

Ал №10 «Игілік» жалпы білім беретін мектебінің 8 «А» сынып оқушысы Мейрамбек Қалдар өз қолынан тұрмыстық қалдықтардан макет құрастырып, түрлі архитектуралық нысандарды жасайды. Кішкентайынан желімдеу, жапсыру, құрастыруды меңгерген Мейрамбек бүгінде түрлі дизайндағы қала сәулетін, тарихи кесенелермен ауыл макеттерін өз қолымен құрастырып келеді.

- Макет құрастыру, жапсыру, желімдеу техникасымен 6-сыныптан бастап айналыса бастадым. Әр бөлшекті шын көңілмен жапсырып, қиялымдағы ғимараттардың макетін дайындау мен үшін қиынға соқпады. Себебі әр ісіме қатты мән беріп әзірлегенді және жасаған дүниемнің сапалы шығуын қадағалаймын. Маған осы сүйікті ісіммен айналысқан ұнайды, жұмыс барысында маған ерекше шабыт пен жаңа идеялар ойыма келеді, - дейді Мейрамбек.

Оның мұндай қабілетін аңғарып қалған мұғалімі Нұрлыбек Лесбаев шәкіртінің макет құрастыру, жапсыру өнеріне қабілетін 6-сыныптан байқаған. Сол кезден бастап қабілетін арттыру мақсатында әр түрлі тапсырмалар беріп, макет құрастыруға нұсқаулық беріп отырған. 

- Дарынды оқушының болашақта еліміздің білікті маманы болатындығына сенімдіміз. Осындай экологиялық жобалар бала бойында табиғатқа деген жанашырлықты қалыптастырады, - дейді Нұрлыбек Лесбаев. 

Ендігі бір оқушының бейімі көлік құрастыруға бағытталған. Атап айтсақ, №25 С.Сейфуллин атындағы жалпы білім беретін мектебінің 9-сынып оқушысы Еркебұлан Мәулен сабақтан тыс уақытта трактор мен жеңіл автокөлік жөндеуде. Ол сабағынан босаған сәттен-ақ, аулада тұрған техниканы жөндеуге асығады. Тіпті, осы жасында ауыр техниканы тізігіндеп те үйренген. 

- Әкем механизатор болған. Ол Келес совхозында автомехика саласында еңбек еткен.  Әулетіміздегі азаматтардың басым көпшілігі осы техникаға қызығып, нәпақасын тауып отыр. Өзімде зейнетке жеткенше шопыр болып жұмыс істегенмін. Бүгінде немерелерім де осы салаға қызығып, білмегенін үйретіп, жол сілтеп отырамыз, - дейді Еркебұланның атасы Төлеген Мәуленов. 

Еркебұлан қазір ағасынан жеңіл көлікті жөндеудің қыр-сырын жете меңгеріп жүр. Әзірге өзі жеке жөндеуді үйрене қоймаса да, қажетті қосалқы бөлшектерді жеткізіп, көмектесуде. 14 жастағы ол келешекте мықты механик болуды армандайды. Талантты баланың сынып жетекшісі Жамила Ашированың айтуынша, Еркебұлан сыныпта да тәртібімен ерекшеленіп отырады екен. 

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Сайрамда бірқатар азаматтар марапатталды
  • «Мәңгілік жаса, қыран елім Қазақстан» шарасы өтті
  • Ақындар елдікті жырлады
  • Туған жерді түлету - жастардың қолында
  • Балаларды отансүйгіштікке баулу парыз
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер