Ордабасы аудандық білім бөлімі тарапынан оқушылардың бойындағы патриоттық сезімді арттыру мақсатында жоспарлы түрде іс-шаралар өткізіліп келеді. Ордабасы аудандық білім бөлімінің басшысы Шұға Нұрабаеваның айтуынша, жуырда 5-сыныптың үздік оқушыларын, республикалық бірыңғай «Жас ұлан» балалар мен жасөспірімдер ұйымы қатарына қабылданас, балабақшада «Салт-дәстүр – асыл қазынам» атты байқау ұйымдастырылған.
- Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістан қаласында өткен ұлттық құрылтайда Әділетті Қазақстанды Адал азаматтар ғана құрады деп айта келіп, Президентіміз «Адал азаматқа тән қасиеттер әрбір жастың бойынан табылуға тиіс» деді. Ұлттың жаңа болмысы білім, ғылым және мәдениет саласын дамыту арқылы қалыптасады. Осы бағытта бізге орасан зор жауапкершілік пен міндет жүктеліп отыр. «Тәрбие тал бесіктен басталатынын» ескере отырып, өскелең жас ұрпақтың бойына адалдық қағидаттарын сіңіреміз десек, ең алдымен оған өзіміз өнеге көрсетер тұлға болуымыз керек. Президентіміз біздің ұлттық бірегейлігіміз табыстылықта екенін айтты. Бұл ел дамуының маңызды стратегиясына айналуға тиіс. Әр білім мекемесі өз алдына «Біз қайткенде табысты балабақша, табысты мектеп, табысты колледж бола аламыз» деген мақсат қойып, оған жауап беруге дайын болуы керек, - дейді ол.
Білім бөлімі тарапынан ұйымдастырылған іс-шара Қазақстан Республикасының әнұранымен ашылды. Жиынға мектеп ұстаздары мен ата-аналар қатысты. Ұйымға қабылданушы оқушылар «Өз Отаны – Қазақстанның патриоты болуға, «Жас Ұлан» ережесін бұлжытпай сақтауға, Отанды сүюге салтанатты түрде ант берді.
Ордабасы аудандық білім бөлімінің басшысы Шұға Тұрмаханбетқызы «Жас Ұлан» ұйымына қабылданатын оқушыларды құттықтап, әрдайым жетістіктерге жетуіне сәттілік тіледі. Салтанатты жиынға арнайы қонақ болып шақыртылған аудандық әкелер мектебінің төрағасы, ардагер ұстаз Жүсіп Лесбек Жас Ұлан қатарына қабылданатын үздік оқушыларға еліміздің елеулі, халқымыздың қалаулы азаматтары болуға, ізгі тілегін білдірді.
Оқушылар «Жас Ұлан» қатарына өтудің жауапкершіліктің мол екенін сезіне білді. Оның қатарына қабылданған оқушы мектептің қоғамдық жұмысына белсене араласып және сабақтарын үздікке оқып, өз елінің мақтанышы болатын азамат болуына міндеттейтінін сезінді.
Ал аудандық білім бөліміне қарасты мектепке дейінгі ұйымдардың тәрбиешілері арасында өткен «Салт-дәстүрім – асыл қазынам» атты атты сайыста балабақша тәрбиешілері өнерлерін ортаға салды. Аудандық білім бөлімінің мектепке дейінгі ұйымының әдіскері Шамшия Абжалалованың бас болуымен өткен бұл сайысқа балабақша тәрбиешілерінен құрылған 9 топ қатысты. Олар «Ал, қанекей, танысайық», «Салтын сыйлаған ел озар», «Өнер қуып ой түзе, жұмыс істеп бой түзе» және «Ескірмеген есті сөздер» атты номинациялар бойынша өнер көрсетті.
Әділ қазылар алқасының шешімімен Бас жүлдені «Нәркес» тобы иеленді. Одан кейінгі орындар «Айболашақ», «Сырғалым» және «Ордабасы», «Қыздар-ай» тобтарына берілді. Барлығы да білім бөлімі тарапынан громаталармен және бағалы сыйлықтармен марапатталды.