Сайрам ауданында 9 мектеп оқушысы жаңа автобуспен тасымалдануда

Сайрам ауданында оқушыларды тасымалдау талапқа сай ұйымдастырылған. Білім бөлімінің әдіскерлері К.Мусаеваның айтуынша,  аудандық білім бөліміне қарасты 14 елді мекендерде орналасқан мемлекеттік мектептерден 3 километрден  жоғары қашықтықтан қатынайтын осы жылдың наурыз, мамыр айларында 9 мектепке 20 орындық 5 автобус, үлкен елдімекендерге 40 орындық 4 автобус беріліпті. 

Screenshot_40.jpg

- Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Жолдауында білім саласына жыл санап жақсы қолдау көрсетіліп келе жатқанын, педагогтердің жалақысының да жоғарылай түскенін айтуда. Сонымен қатар биыл 1-4-сынып оқушылары тегін ыстық тамақпен қамтылуда. Бұл да болса үлкен жетістік. Ендігі кезекте оқушылар тасымалын ұйымдастырып отырған автобуст парктерінің де автобустары жаңартылуда. Балаларды тасымалдауда алға қойылып отырған негізгі талап – ол сапалы қызмет көрсететін, жайлы қоғамдық көлік. Таңертең, түсте, кешке оқушылар сыймай жатады. Сондықтан да биыл аудандық білім бөлімі тарапынан автобустар жаңартылды. Жаңа автобустардың сапасында мін жоқ.Толығымен заманауи құрылғылармен автоматтандырылған, - деді ол. 

Оның айтуынша, бүгінгі таңда 9 мектепке қыркүйек айында қосымша жүргізуші штаттық бірлігі бекітіліп, автобустармен 730 оқушы тасымалдануда, қалған 805 оқушыны «ЯНС» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі келісім шарт негізінде тасымалдау жұмыстары толығымен жүргізілуде екен.

- Автобустың ішінде жазда салқындатқыш, қыста жылыту жүйелері жұмыс істейді. Әрбір автобуста бейнебақылау камерасы, оның төртеуі сыртта, қалғаны салон ішінде орнатылған. Бұл өз кезегінде оқушылардың қауіпсіздігін арттырады деген сенім бар, - деді автобус жүргізушісі.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Сайрамда бірқатар азаматтар марапатталды
  • «Мәңгілік жаса, қыран елім Қазақстан» шарасы өтті
  • Ақындар елдікті жырлады
  • Туған жерді түлету - жастардың қолында
  • Балаларды отансүйгіштікке баулу парыз
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер