Келес ауданында көп кітап оқыған оқушыға велосипед сыйға тартылмақ

Келес ауданындағы №59 Б.Момышұлы атындағы жалпы орта мектебінде жақсы іс қолға алынып отыр. Мектеп директоры Убайдулла Ералиевтің айтуынша, балаларды кітап оуға қызықтыру мақсатында мектепте түрлі іс-шаралар тұрақты ұйымдастырылып келеді екен. Оған ауылдан шыққан белгілі кәсіпкерлер де өз қолдауларын көрсетіп отырады екен. 

Screenshot_43.jpg

- Еліміздің рухани астанасы Түркістанда өткен Ұлттық құрылтайда білім саласына қатысты ұзақ мерзімге арналған идеологиялық басым бағыттар талқыланып, нақты шешу жолдары ұсынылды. Екі күнге жалғасқан кеңесте ел үшін маңызды мәселелердің түйіні тарқатылып, жүйелі ұсыныстар, кесімді шешімдер айтылды. Сол басқосуда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ұлттық бірегейлігімізді нығайтып, еліміздің жаңа құндылықтарын орнықтыруда үкімет пен қоғам күш біріктіріп жұмыс істесін деп тапсырма берді. Президент «Ел атын әлемге танытып жүрген жастар ұлттың рухын жаңғыртуда» деп атап көрсетті. Біз жастардың бойындағы өнер-білімге, ғылымға, жаңашылдыққа деген осы серпілістің қарқынын сақтай отырып, оны күшейтуіміз, дамытуымыз қажет. Білімді дамыту арқылы ұлттың жаңа сапасын қалыптастыру керек деп міндет жүктеді, мұны біз абыроймен атқаруымыз керек. Сонымен қатар Мемлекет басшысы «Балалар кітапханасы» деген жаңа бағдарлама жасақтауды тапсырды. Балалардың кітап оқуға құлшынысын арттыру мәселесі жөнінде сарапшылармен, қоғамдық қауымдастықтармен кеңесе отырып, нақты іс-шаралар айқындалады» деген болатын. Осы мақсатта біз мектепте жеке кәсіпкерлердің көмегімен тың жобаны қолға алып отырмыз, - дейді Убайдулла Ералиев.

Мектеп басшылығының қолдауымен дүниеге келген мектеп кітапханасындағы «Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында «Кітап оқу байқауы» жүзеге асуда. Алдағы уақытта үздік оқырман оқушыларға спорттық велосипед, планшет және тағы басқа құнды сыйлықтар беру көзделген. Мектеп директорының айтуынша, жобаға жеке кәсіпкерлер Марат Бекшораев, Марат Құтымов, Сапархан Ахметов сынды ел ағалары демеушілік жасауда екен.

- Мектебімізде балалардың кітап оқуға деген құштарлығын арттыру, қазақ әдебиетін, ақын-жазушылар шығармаларын терең зерттеуге және жас ұрпақтың бойына кітап сүйгіштік сезімді қалыптастыру мақсатында мұндай акция алғаш рет ұйымдасытырылып отыр. Кітап – терең ойлауды, есте сақтау қабілетімізді жақсартып, зейін-зерде, ақыл-ойымызды еркін жеткізуге жаттықтырады. Балалар велосипедті көріп кітап оқуға деген қызығушылығы арта түседі деген сенімдемін, - дейді мектеп басшысы.  

Айта кету керек мұндай акция бұған дейін Келес ауданындағы тағы бір мектепте ұйымдастырылған екен. Жастарды кітап оқуға баулуда мұндай жобалардың рөлі орасан зор. Қазіргі таңда аталған білім ордасында 400-ден аса оқушы тәлім алады.

- Жалпы биыл кітапханамызда кітап қоры молайғанынан хабардар еткім келеді. Жаңа оқу жылында кітапханамызға жаңа кітаптар келіп түсті. Мектеп кітапханашыларының ұйымдастыруымен мектебімізде «Жаңа кітаптар әлемінде» тақырыбында жаңадан келген көркем әдебиеттерге кітап көрмесі ұйымдастырылды. Кітап көрмесін ұйымдастырудың басты мақсаты - оқырманға жаңадан келіп түскен кітаптарды кеңінен насихаттау, таныстыру. Көрмеге ертегілер, энцеклопедия, қазақ классиктерінің шығармаларымен қатар, әлем әдебиетінің танымал туындылары да қойылып, таныстырылды.  Окырмандар қызықты көптеген деректер, мәліметтермен таныса алады. Рухани азық іздеген, көзі ашық, көкірегі ояу әрбір адамның келер шаңырағы - кітапхана. Сондықтан да мектебімізде кітапхана оқырманын көбейту мақсатында қолға алынған жоба өз нәтижесін береді деген ойдамыз, - дейді мектеп директоры. 

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Сайрамда бірқатар азаматтар марапатталды
  • «Мәңгілік жаса, қыран елім Қазақстан» шарасы өтті
  • Ақындар елдікті жырлады
  • Туған жерді түлету - жастардың қолында
  • Балаларды отансүйгіштікке баулу парыз
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер