Келес ауданындағы Абай ауылында орналасқан №1 О.Есімов атындағы жалпы орта мектебінің мәжіліс залында 9,10 және 11-сынып оқушылардың қатысуымен «Білімді ұрпақ еліміздің болашағы» атты тақырыпта тәрбие сағаты өтті. Аталған мектеп директорының міндетін уақытша атқарушы З.Рахимованың айтуынша, жастарға бұл жиында Отанды сұю, елге қызмет ету, патриоттық тәрбие беру тұрғысында дәрістер оқылып, бағыт-бағдар беріліпті.
- Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Жолдауында білім саласына ерекше көңіб бөліп отырғаны белгілі. Сонымен бірге оқу-ағарту саласының алдына қойылған тағы бір айқын міндет – жастарды, оның ішінде мектеп оқушыларын жаһанданудың қатерлі ықпалынан қорғау. Президентіміз Түркістан қаласында өткен құрылтайда мектепте тәрбие жұмысы ақсап тұрғанын сынға алды. Әсіресе, оқушылар арасындағы буллинг мәселесі туралы айтылды. Бұл мәселемен қоғам болып күресуіміз керек. Бала тәрбиесіне мектеп ұжымымен қатар, ата-аналар да, отбасы мүшелері де жауапты екенін ұғындыра отырып, «Жұмыла көтерген жүк жеңіл» демекші, ұрпақ тәрбиесіне қоғам белсенділерін, сарапшыларды да араластыруымыз керек. Әлбетте, алдағы оқу жылында қолға алынады деп жоспарланып отырған мектеп жанындағы «Ата-аналар академиясы» тікелей осы мәселемен де шұғылданады. Бұл шаруа өзімнің жеке бақылауымда болады» деп білім саласы қызметкерлеріне тиісті тапсырма берген еді. Жалпы бұған дейін де айтылып жүрген ең басты мәселелердің бірі – ауыл мектептерін дамыту. Бұған қатысты нақты шаралар атқарылып жатыр. Олар жүйелі түрде іске асқан жағдайда ауыл мектептері келешекте оқу-ағарту саласының жетекшісіне айналатынына сенемін, - дейді З.Рахимова.
Оның айтуынша, аталған жиынға «Әділ билер» республикалық қоғамдық бірлестік филиалының төрағасы Р.Ермеков, Абай ауылының имамы С.Налибаев, ауданның ішкі саясат, мәдениет, тілдерді дамыту және спорт бөлімі басшысының орынбасары Ж.Маханбеталиева, Келес аудандық жергілікті полиция бөлімінің басшысы Н.Асанов, №1 О.Есімов атындағы жалпы орта мектебінің оқу-тәрбие жөніндегі орынбасарлары, сынып жетекшілерінің қатысқан.
Жиында кез келген мемлекеттің болашағы – білімді жастар, болашақтың кілті, елдің ертеңі – білімді жастар екендігі, қазіргі уақытта жастардың сапалы білім алуы, дұрыс мамандықты таңдауы және қоғамнан өз орнын табуы мемлекеттің болашағы үшін ең өзекті мәселе екені айтылып, өскелең жас ұрпаққа, жастар қоғамға пайдасын тигізіп, алған білімін еліміздің өркендеуіне жұмсайтын болса, онда келешегіміздің кемел болатынын түсіндірілді. Барлық уақытта жастар халық арасындағы ең озық бөлігі болып есептелінген. Көзі ашық, көкірегі ояу білімді ұрпақ өз Отанын дамыту жолында аянбай тер төгеді. Жастар – бұл мемлекеттің негізгі тірегі бола отырып, болашақта ел басқаратын ұрпақ өкілдері екендігі айтылды.
«Президент Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың Ұлттық құрылтайда көтерген мәселелері, біздің алдымызға қойған міндеттері мен берген тапсырмалары бойынша біздің білім мекемесінде тиісті шаралар атқарылып, нақты жұмыстар істелуде» дейді мектеп директорының міндетін уақытша атқарушы З.Рахимова.