Түлкібас ауданында ұстаздарға әдістемелік көмек көрсетілді

Түлкібас ауданының білім бөліміне қарасты Т.Рысқұлов атындағы жалпы білім беретін мектепте «Ғылыми зерттеу жұмыстарының жүргізілу барысы» атты тақырыбта коучинг өткізілді. 

Screenshot_47.jpg

Аудандық білім бөлімі әдістемелік кабинетінің меңгерушісі С.Абуованың айтуынша, коучингтің мақсаты – білім алушыларды әртүрлі көздерден алынған мәліметтерді салыстыруға, оларды талдауға және осы талдау негізінде жаңа тұжырымдар жасауға үйрету. «Аталған коучингке бірлестік жетекшілері мен пән мұғалімдері қатысты. Осылайша, оқу зерттеуі ғылыми ізденістерді жүргізуге үйретуге, білім алушылардың ойлау түрін дамытуға арналған, бірақ ең бастысы ғылыми фактілерді меңгеру емес, зерттеу алгоритмін оқыту, болашақта басқа зерттеуде қолдануға болатын дағдыларды дамыту болатын. Бұл іс-шараны ұйымдастырушылардың бірі аталған мектеп директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары Гаухар Жұмабекова мен қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі және педагог-шебер Гүлжан Молдабаева», - дейді ол.  

Коучинг барысында Гүлжан Молдабаева ғылыми зерттеу жұмысының жүргізілу барысы туралы егжей-тегжейлі түсіндіріп берді. Жұмыс соңында педагогтар өз сұрақтарын қойып, сұрақтарына жауап алды және тақырыпты дұрыс таңдап, ғылыми жұмыс жазуға бағыт-бағдар беріп өтті. 

Сондай-ақ бұл жиын Дауан жалпы білім беретін мектебі және Б.Садықов атындағы жалпы білім беретін мектептеріне жалғасын тапты. Аудандық білім бөлімі әдістемелік кабинетінің меңгерушісі С.Абуова, бөлімнің бас маманы Б.Қилыбаев және әдістемелік кабинетінің әдіскері Р.Кункибаева аталған білім ошақтарында болып, мектеп оқушыларын  PISA халықаралық зерттеуіне дайындау және 4 және 9-сынып  оқушыларын білім алушылардың білім жетістіктерінің мониторингін дайындау бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстармен танысып, әдістемелік көмек көрсетті. 

Жұмыс барысында 2023-2024 оқу жылында 21 білім беру  ұйымы ББЖМ-ге түскенін және 6 білім беру ұйымдары желтоқсан айында PISA халықаралық зерттеуін тапсыратыны туралы, оған дайындық жұмыстары өз деңгейінде жүру керектігін, мектепішілік жоспарға сәйкес атқарылған жұмыстар бойынша ақпарат уақтылы өткізілуі тиіс екендігі туралы айтып өтті. 

Сонымен қатар, пән мұғалімдеріне түсіндірме жұмыстарын жүргізіп, алынған тесттердің нәтижелерін дер кезінде талдап, кемшіліктермен жұмыс жасау, АКТ бойынша анықталған проблемалармен жұмысты сапалы жасау керектігі туралы жан-жақты айтылып, түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Сайрамда бірқатар азаматтар марапатталды
  • «Мәңгілік жаса, қыран елім Қазақстан» шарасы өтті
  • Ақындар елдікті жырлады
  • Туған жерді түлету - жастардың қолында
  • Балаларды отансүйгіштікке баулу парыз
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер