Келес ауданына қарасты 28 гвардия ауылында 145 орындық балабақша пайдалануға берілді

Келес ауданында кәсіпкерлердің қолдауымен жеке балабақшалар мен мектептер ашылуда. Соның бірі жуырда Бірлесу ауылдық округінің 28 гвардия ауылында ашылып отыр. Жеке кәсіпкердің демеушілігімен пайдалануға берілген балабақша 145 орындық.

Screenshot_49.jpg

Келес ауданы әкімінің орынбасары Сүлеймен Жылқыбаевтың айтуынша, «Али-Сұлтан KZ» бөбекжай балабақшасының құрылысы 2021 жылы басталып, биыл ғана құрылыс жұмыстары аяқталып, пайдалануға беріліпті. Жобаның жалпы құны 110 миллион теңгені құрайды. 

- Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылға дейін 6 жасқа дейінгі балалар мектепке дейінгі тәрбиелеу және оқытумен 100 пайыз қамтамасыз етілуі тиістігін айтқан болатын. Аталған мәселені жолға қою бағытындағы іргелі істер ауданымызда сәтті жүзеге асырылып келеді. Соның дәлелі бүгінгі ашылғалы отырған балабақша. Бұл ретте балғындардың бақытты болашағына қамқорлық танытып демеушілік жасап отырған азаматтарға алғысымыз шексіз. Біздің мақсатымыз – балаларға дұрыс тәрбие, сапалы білім алуына және уақытты тиімді пайдалануларына жағдай жасау. Таңертең балабақшаға келген бала білім стандартына байланысты тәлім-тәрбие, білім алады, ыстық тағаммен қамтылады, үйірмеге қатысады, - деді Сүлеймен Нұрланұлы. 

«Али-Султан KZ» бөбекжай балабақшасында 2-6 жас аралығындағы 6 топқа бүлдіршіндерді жинақтап, 25 адам жұмыспен қамтылатын болады. Айта кетейік аудан бойынша 97 балабақша бар. Оның он екісі мемлекеттік, ал 85-і жеке меншік болып табылады. Ол балабақшаларда 10615 бала тәрбиеленуде. 

Келес ауданы әкімінің орынбасары Сүлеймен Жылқыбаевтың айтуынша, білім саласына қатысты жобаларды сәтті жүзеге асырып келе жатқан жеке кәсіпкер Келестіктерге жақсы таныс. Оның ашқан балабақша, мектепке даярлық орталықтары кішкентай бүлдіршіндеріміздің асыға баратын сүйікті орындарына айналып үлгерген. Жаңадан ашылған балабақша да жарқын болашақтың іргесін қалаушы - талапты шәкірттер тәрбиеленіп, бұл мекеме аудандық білім саласына іргелі үлес қосар берекелі білім ордасы боларына сеніміміз мол.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Сайрамда бірқатар азаматтар марапатталды
  • «Мәңгілік жаса, қыран елім Қазақстан» шарасы өтті
  • Ақындар елдікті жырлады
  • Туған жерді түлету - жастардың қолында
  • Балаларды отансүйгіштікке баулу парыз
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер