Келесте мектеп кітапханасында 66 жыл бұрын жарық көрген Абайдың кітабы сақтаулы тұр

Келес ауданынағы мектептердің бірінде сақтаулы тұрған құнды жәдігер бар. Ол ақын Абай Құнанбайұлының екі томдық шығармалары. Ауданға қарасты №25 С.Сейфуллин атындағы жалпы орта білім беретін мектеп кітапханашысы Гүлмира Турысбекованың айтуынша, бұл кітаптар 1957 жылы Алматы қаласындағы Қазақтың Мемлекеттік Көркем әдебиет баспасынан басып шығарылған. 

Screenshot_50.jpg

Абай Құнанбайұлының екі томдық шығармалар жинағы бүгінге дейін жақсы сақталып келген. Бұл мектеп кітапханасындағы көне әрі құнды кітаптардың бірі болып табылады. Гүлмира Турысбекова «мұндай кітаптарға оқырмандар тарапынан сұраныс көп» дейді.

- Мектебіміздің кітапханасының қорында жалпы 15351 кітап бар, оқулық саны 14456, әдістемелік кітаптар 177,  анықтамалық кітаптар 56, сөздіктер 29, электронды оқулықтар 239, әдеби кітаптар 394 дананы құрайды. Соның ішінде ең көне кітап 1957 жылғы Абай Құнанбаевтың  шығармалар жинағының 1-томы қолданысқа ие болып тұр. Кітап мектеп кітапханасында 66 жылдан бері сақтаулы. Мұндай жәдігерлерді біз көздің қарашығындай сақтаймыз, - дейді Гүлмира Турысбекова.

Оның айтуынша, мектеп кітапханасында оқушылардың кітап оқуына барлық жағдай жасалған. Сондай-ақ балаларды кітап оқуға баулу мақсатында бірнеше жобалар жүзеге асырылуда екен. 

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Сайрамда бірқатар азаматтар марапатталды
  • «Мәңгілік жаса, қыран елім Қазақстан» шарасы өтті
  • Ақындар елдікті жырлады
  • Туған жерді түлету - жастардың қолында
  • Балаларды отансүйгіштікке баулу парыз
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер