Келес ауданындағы балабақша мен білім ошақтарында «Алтын күз» мерекесі ұйымдастырылуда. Кеше аудандық білім бөліміне қарасты Абай ауылындағы «Даму» оңалту орталығында да «Алтын күз» мерекелік шарасы өтті.
Бүгінгі таңда «Даму» оңалту орталығында 80 ерекше бала тәрбиеленуде. Осы ерекше балалардың қатысуымен аталған мекемде алтын күз мейрамы ұйымдастырылып, жоғары деңгейде өткізілді. Аталған іс-шараға Келес ауданы әкімінің орынбасары Даурен Сариев қатысып, бүлдіршіндерді мерекемен құттықтады.
- Бүлдіршіндеріміз тақпақ айтып, мерекенінің көркін келтірді. Сіздерді осындай көтеріңкі көңіл күйде көріп отырғаныма өте қуаныштымын. Өз кезегінде осындағы барша қызметшілерге алғыс айтым келеді. Балақайлардың өмірге деген құштарлығын арттырып, жоғары нәтижелерге жетулеріңізді тілектеспін, - деді өз сөзінде аудан әкімінің орынбасары.
Мекеме басшылығының айтуынша, 2019 жылдың 1 сәуірінде ашылған Орталықта бүгінге дейін 4 аутист баладан нәтиже шығып, 12 бала оңалту орталығынан жалпы білім беретін мектепке ауысқан екен. Сонымен қатар, тірек-қимыл аппараты бұзылған 17 бала аяққа тұрып, 9 баланың сөйлеу қабілеті жақсарған. 12 бүлдіршіннің диагнозы жеңілдетілген диагнозға ауысыпты.