Түлкібас ауданында «IQANAT» пәндік олимпиадасының аудандық кезеңі өтті

Түлкібас ауданынына қарасты Жанкент, Түркібасы және А.Макаренко атындағы жалпы білім беру мектептерінің базасында қабілетті оқушыларды анықтау, қолдау, ауыл оқушыларының шығармашылық, танымдық, зияткерлік бастамаларын жандандыру мақсатында «IQANAT» пәндік олимпиадасының аудандық кезеңі ұйымдастырылды. 

Screenshot_53.jpg

Аудандық әдістемелік кабинетінің пән әдіскері Дәулетқали Мархабатұлының айтуынша, республикамызда Білім және Ғылым министрлігі тарапынан пәндік олимпиадаларды ұйымдастыру жоспарлануда екен. «Пәндік олимпиада – балалардың санасында алғашқы ғылыми ізденістерге жол салатын, болашақ ғалымдарды шабыттандыратын, ғылыммен еркін айналысатын жастар тобын қалыптастыратын ең ауқымды бағдарламалық сайыс. Қазақстандық мектеп оқушыларының беделді олимпиадаларға қатысу рейтингі жеңіс қоржынында медальдар санының көбейгенін, білім сапасының артқанын көрсетеді. Сондықтан республикалық олимпиадалардың әрқайсысының сапалы әрі жоғары деңгейде өтуі маңызды», деген министрліктің өкілдерінің талабы бойынша біз нағыз білімді балаларды айқындау үшін пән олимпиадаларының аудандық кезеңін ұйымдастырып, өткізудеміз, дейді Дәулетқали Мархабатұлы.

Ауданының білім бөліміне қарасты жалпы білім беретін мектептерінен аудандық іріктеу кезеңіне 8 сыныптың 702 оқушысы қатысып, қатаң іріктеуден өтті. Ауыл оқушылары арасындағы ең ауқымды олимпиаданы «IQANAT» қоғамдық қоры ауыл балаларына сапалы білімге жол ашу мақсатында ұйымдастыруда.

Оның айтуынша, елімізде жыл сайын жалпы білім беретін пәндер бойынша мектеп оқушылары арасында олимпиадалар ұйымдастырылып келсе, еліміздің түкпір-түкпірінен оған 300 мыңға жуық мектеп оқушысы қатысуда. Оның ішінде түлкібастық оқушылар да бар дейді білім бөлімінің әдіскері. 

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Сайрамда бірқатар азаматтар марапатталды
  • «Мәңгілік жаса, қыран елім Қазақстан» шарасы өтті
  • Ақындар елдікті жырлады
  • Туған жерді түлету - жастардың қолында
  • Балаларды отансүйгіштікке баулу парыз
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер