Сайрам ауданы білім бөліміне қарасты №33 Н.Шойынбаев атындағы жалпы орта мектебінде алғашқы әскери және технологиялық дайындық пәні бойынша 10-11-сынып оқушыларымен «Әскери тәртіп және оның мәні мен маңызы» атты тақырыбында аудандық семинар өткізілді.
Сайрам ауданы білім бөлімінің әдіскері Жомарт Бектасовтың айтуынша, бұл жиынға Сайрам ауданы Қорғаныс істер жөніндегі бөлімнің өкілдері мен аудандағы мектептердің алғашқы әскери дайындық пәнінің мұғалімдері қатысқан.
- Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев халыққа арнаған Жолдауларында Отанымыздың тұтастығы мен беріктігін, бірлігі мен ынтымағын сақтау әрбір азаматтың парызы екенін үнемі айтып келеді. Отан деген ұғымнан асқан қасиет жоқ. Еліміздің әрбір азаматы Отанын, жерін, елін қорғауға міндетті. Бүгінгі үйымдастырылып отырған семинардың мақсат – алғашқы әскери және технологиялық дайындық пәні мұғалімдерінің шығармашылық іс-әрекеттері мен тәжірибе алмасуын дамыту, шығармашылықпен еңбек ететін мұғалімдерді анықтау, олардың кәсіби шеберлігін арттыру, жаңа технологияларды кеңінен қолдана отырып білім сапасын арттыру, - дейді Жомарт Бектасов.
Сабақ әскери сәлемдесуден және әнұранмен басталды. Әскери жетекшілер әскери атақтардың суретін таңдау арқылы «Офицерлер» және «Сержанттар» деп 2-ге бөлінді, әдістер де тиімді қолданылды. Алғашқы әскери даярлық пәнін қайталау мақсатында «Нысана» әдісі арқылы жасырылған нысанадағы сұрақтарға жауап берілді. «Миға шабуыл» әдісін пайдалана отырып сиқырлы сандықта жасырылған затты табу арқылы жаңа тақырып ашылды.