Сайрам ауданында оқушылардың қабілеті мен өнерге деген талабын ашу мақсатында түрлі іс-шаралар ұйымдастырылып келеді. Сайрам ауданы білім бөлімінің әдіскері Жомарт Бектасовтың айтуынша, жуырда Сайрам аудандық Оқу – өндірістік комбинатында «TuranBalaFest» үздік өнерпаздар телебайқауының «Сурет» номинациясы бойынша сурет байқауы өткізілді.
- Қазір ауданымыздан шығып жатқан өнерлі жастар қатары артып отыр. Олардың шығармашылық қабілетін шыңдай түсу үшін мақсатында ауданда түрлі өнер байқаулары ұйымдастырылуда. Ол байқауларға қатысуға ниетті жастардың қатары жыл санап арта түскені бізді қуантады. Біздің тарапымыздан таланты ашыла түскен жастардың, мектеп оқушыларының көп болғаны жақсы, оларға қолдау көрсетуге біз әрқашанда дайынбыз, - дейді Жомарт Бектасов.
Оның айтуынша, байқау мақсаты – білім алушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту үшін жағдайлар жасау, үйлесімді тұлғаны тәрбиелеу мен одан ары дамытуда жүйелі және мақсатты қызмет, рухани, моральдік және мәдени құндылықтармен таныстыру.
Аудандық байқау қорытындысы бойынша №97 Сұраншы батыр атындағы жалпы орта мектебінің 8-сынып оқушысы Алина Ким мен Сайрам жалпы орта мектебінің 11-сынып оқушысы Малика Полатова облыстық кезеңге жолдама алды.