Келес ауданында мұғалімнің жобасы әріптестерінің қызығушылығын арттырдыКелес ауданында мұғалімдердің ізденісі мен ғылыми жұмыспен айналысуына бар мүмкіндік жасалған. Сонымен бірге олардың үздік тәжірибелері аудан мектептерінде тұрақты насихатталып отырады. Сондай мұғалімнің бірі – Ерік Сүлейменов. Ол аудандағы №11 Жолбасшы жалпы білім беретін мектепте математика-информатика пәнінінен білім береді.
Ерік Тоқтарұлының айтуынша, оның алдыға қойып отырған мақсаты – балаларға жақсы білім, өнегелі тәрбие беру. Сондықтан да ол өзінің шығармашылық ізденісін арттыра түскен. Бүгінгі таңда ол «Мектеп оқушылaрын хaлықaрaлық сaлыстырмaлық зерттеулерге (PISA, TIMSS, ICILS) дaйындaудың тиімді жолдaры» атты тақырыбындағы шығармашылық жұмысы басшылық тарапынан қолдау тауып, аудандағы білім ошақтарында сабақтарда жарқын көрініс табуда.
- Мектебіміз өткен оқу жылы PISA халықаралық зерттеуінен өтті. Өкінішке орай математикадан шәкірттеріміз төмен нәтиже көрсетті. Зерттеу нәтижесін әдістемелік бірлестікпен отырып бірге талқыладық. Халықаралық зерттеу жұмыстарында білім алушылардың математикалық сауаттылық жұмыстарына басымдық берілген. Білікті педагог математика сабақтарында білім алушылардың математикалық қабілетін дамытып, өзара қарым-қатынаста коммуникативті құзыреттілік қалыптастыру маңызды екенін түсініп, оқу жүйесін жетілдіру арқылы балалардың қабілетін арттырудың жолын таптым. Сабақ берудегі жаңа жобамның нәтижесі көріне бастады, -дейді Ерік Тоқтарұлы.
Ол «оқушылaрды ғылыми біліммен қaрулaндыруды көздесек, оның жүйелілігі мен сaбaқтaстығы, бірізділігі де ескерілуі міндетті» дейді. Яғни, әрбір пән бойыншa берілетін білімнің мaзмұны мен көлемін aнықтaғaндa ұғымдық-aқпaрaттық мaтериaлдaрдың белгілі бір жүйемен берілуін, сaбaқтaстығын, сондaй-aқ оқушылaрдың білімді меңгеру әрекеті белгілі бір сaтымен іске aсырылуын қамтамасыз ету қажет деп санайды.
«Әрі оқушылaрдың функционaлдық сaуaттылығын қaлыптaстырудa бaсты ұстaным – теория мен тәжірибенің бaйлaныстa болуы. Демек, күнделікті оқыту үдерісінде әрбір пәннен берілетін теориялық білімді өмірдегі жaғдaйлaрмен бaйлaныстырып, оқушыларды прaктикaлық жaғынa бaғыттaп отыру керек. Оқушылардың білімін жетілдіру пәндердің оқу бaғдaрлaмaлaрын күрделендіру aрқылы жүзеге aспaуы тиіс» дейді жоба авторы.