Ордабасы ауданында тәрбие сабағынан аудандық семинар ұйымдастырылды

Ордабасы ауданына қарасты білім бөлімі оқушылардың білімі мен жақсы тәрбие алуына басымдық беріп отыр. Осыған орай аудандық білім бөлімінің жоспарына сәйкес Абай атындағы жалпы білім беретін мектеп коммуналдық мемлекеттік мекемесінде «Сынып жетекшілердің жұмысын тиімді ұйымдастырудың инновациялық жолдары» атты тақырыпта аудандық семинар өтті.

Screenshot_65.jpg

Аудандық білім бөлімінің әдіскерлері Г.Молжігіттің айтуынша, сынып жетекшілері арасында ұйымдастырылған аудандық семинардың мақсаты сынып жетекшілердің тәрбие жұмысына қатысты тәрбие берудің тиімді жолдарын айқындау. «Ұлттық құндылықтар – біздің тіршілігіміз, бабаларымыздан қалған асыл мұра екенін түсіндіру. Өскелең ұрпақтың бойына ұлттық құндылықтарымызды сіңіруде мектептің алар орны ерекше» дейді ол.  

- Президентіміз Түркістан қаласында өткен құрылтайда жастардың тәрбиесіне қатысты көп жайдан хабардар еткен болатын. Өз сөзінде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ұлттық бірегейлігімізді нығайтып, еліміздің жаңа құндылықтарын орнықтыруда үкімет пен қоғам күш біріктіріп жұмыс істесін деп тапсырма берді. Сондай-ақ Мемлекет басшысы Адал азаматқа тән қасиеттер әрбір жастың бойынан табылуға тиіс деді. Ұлттың жаңа болмысы білім, ғылым және мәдениет саласын дамыту арқылы қалыптасады. Осы бағытта бізге орасан зор жауапкершілік пен міндет жүктеліп отыр. «Тәрбие тал бесіктен басталатынын» ескере отырып, өскелең жас ұрпақтың бойына адалдық қағидаттарын сіңіреміз десек, ең алдымен оған өзіміз өнеге көрсетер тұлға болуымыз керек» дейді Қасым-Жомарт Тоқаев. Және де Президентіміз біздің ұлттық бірегейлігіміз табыстылықта екенін айтты. Бұл ел дамуының маңызды стратегиясына айналуға тиіс. Әр білім мекемесі өз алдына «Біз қайткенде табысты балабақша, табысты мектеп, табысты колледж бола аламыз» деген мақсат қойып, оған жауап беруге дайын болуы керек деген болатын. Біз сол талаптан шығу үшін алдымызға ауқымды міндеттер мен жоспарларды құрып, сол жоспар аясында жұмыс істеудеміз, - дейді Г.Молжігіт.

Оның айтуынша, семинарда 6-сынып жетекшісі Анар Тұрысбекова «Мейірімділік – ізгіліктің жолы», 5-сынып жетекшісі Құрманай Сығалаева «Адамгершілік – басты адами қасиет», 11-сынып жетекшісі Жанна Калмагамбетова «Мамандықты дұрыс таңдау табысты өмірдің есігі», 7-сынып жетекшісі Жанар Күзанбаева «Жеті атасын білген ұл, жеті жұрттың қамын жер» атты тақырыптарда тәрбие сағатын өткізді. Ал мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Айжан Кемпірбай, әлеуметтік-педагог Гүлмира Ысқақ пен тәлімгер Айжан Көбей «Отбасы құндылығы – сарқылмас қазына» атты тақырыбында танымдық сабақ өткізді.

Семинар соңы марапатқа ұласып, қонақтар жақсы әсер алып, керемет көңіл-күймен аяқталды.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Сайрамда бірқатар азаматтар марапатталды
  • «Мәңгілік жаса, қыран елім Қазақстан» шарасы өтті
  • Ақындар елдікті жырлады
  • Туған жерді түлету - жастардың қолында
  • Балаларды отансүйгіштікке баулу парыз
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер