Қазығұрт аудандық білім бөліміне қарасты Қ.Тұрсынқұлов атындағы мектеп-гимназиясында «Қаладағы өмір ауылдағы өмірден жақсырақ па?» атты тақырыпта мектепішілік дебат турнирі өтті. Ағылшын тілі пәні мұғалімі Г.Тастанбекованың айтуынша, мектепішілік «Айбын» пікірсайыс клубының жоспарына сәйкес ұйымдастырылған. Оған әрбір сынытан бір-бір топтан қатысқан.
- Пікірсайыстың мақсаты жас жеткіншектерге патриоттық тәрбие беру, олардың туған жерге, Отанға деген сүйіспеншілігін арттыру, туып өскен өлкенің, ауылдың адам өміріндегі маңызын ұғындыру, - дейді пән мұғалімі.
Пікірсайыс алаңда әр топ өздерінің пікірлерін қорғап, тақырыпқа қатысты ойларымен бөлісті.
Турнирдің жеңімпаздары «Үздік спикер», «Үздік лидер», «Үздік пікірсайысшы топ» аталымдары бойынша алғыс хаттарымен марапатталды.
Сондай-ақ Қ.Тұрсынқұлов атындағы мектеп-гимназиясында 5-9-сыныптың ата-аналары мен ата-аналарды педагогикалық қолдау орталығының шебер ұстаздарының ұйымдастыруымен «Балаңа ақыл айтпа, жол көрсет» атты жалпы ата-аналар жиналысы өткізілді.
Аталған мектеп-гимназия директоры Жанат Нұрқұлдың айтуынша, жиналыстың мақсаты - ата-аналардың балаларды жаңа жағдайға бейімдеу қабілеттерін дамыту және балаға ақыл айтудан бұрын жол көрсету арқылы тәрбиелеуге дағдыландыру.
Мектебіміздің шебер ұстазы К.Төлепберген жиын барысында «Қажеттіліктер аралына» саяхат жасады. Ата-аналарға отбасы құндылығы, мектептегі құндылық, ұлттық құндылық туралы сұрақтар қойылып, талқыланды. Сондай-ақ жиналыс барысында А.Қалшабекова ата-аналармен «Тәжірибе аралына» саяхат жасау арқылы ата-аналармен тәжірибе жасау арқылы бала тәрбиесі туралы ой тұжырым жасады. Жиналыс соңында «Ұшып келген хат» әдісі арқылы Г.Тастанбекова ата-аналарға ситуациялық сұрақтар қоя отырып, жиналыс қорытындыланды
Бұдан бөлек, мектеп-гимназияның 1«а»-сынып жетекшісі Шарипа Байжаркинова «Әкелер мектебі»ә жобасы аясында тәрбие адам тағдырын шешетін ұлы іс бойынша «Әкешім ақылшым» атты тақырыбында ашық тәрбие сағатын өткізді.