Келес ауданындағы Ақтөбе округінде «Жайлы мектеп» жобасы аясында екі мектеп салынуда

Келес ауданында «Жайлы мектеп» жобасымен бірнеше мектеп салу жоспарланған. Соның бірі Ақтөбе ауылдық округінде салынуда. Ақтөбе ауылдық округінің әкімі Ердаулет Жасұзақов тың айтуынша, Ғ.Мұратбаев елдімекені тұрғындары ауылда мектеп салу мәселесін көп жылдан бері көтеріп келген екен. 

Screenshot_15.jpg

«Келес ауданының әкімі Жәнібек Ағыбаев Ақтөбе ауылдық округінің тұрғындарымен кездесуінде де ауыл азаматтары оқушы санының жыл сайын артуына байланысты жаңа мектеп салып беруін сұранған болатын. Нәтижесінде Ақтөбе ауылдық округінің  Ғ.Мұратбаев елдімекені аумағынан 600 орындық «Жайлы мектеп» жобасы аясында жаңа мектептің құрылыс жұмыстары басталып кетті» дейді округ әкімі. 

Жалпы ауданда жоба аясында бдан бөлек Көгерту ауылында 300 орындық білім нысанының құрылысы бастау алған. Ал алдағы жылы  Жуантөбе және Ескіқорған елді мекендерінде 300 орындық мектеп құрылысын жүргізу жоспарланып отыр екен. 

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» атты Жолдауында білім саласына баса мән берді. «Орта білімнің сапасы – табысты ұлт болудың тағы бір маңызды шарты. Әрбір оқушының білім алып, жан-жақты дамуы үшін қолайлы жағдай жасалуға тиіс. Сол үшін «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы қолға алынды» дейді Президент Жолдауында. Мемлекет басшысы биылғы «Әділетті Қазақстан жәнеАдал азамат» атты Жолдауынан да бұл жоба тыс қалмаған. Соның игілігі бүгінгі күні шалғайда орналасқан ауылдарға да тиіп отырғанын көріп отырмыз. 

- Ақтөбе ауылдық округі ауданымыздағы халық тығыз орналасқан өңірлердің бірі. Оқушылардың саны жыл өткен сайын артып, жаңа мектептер салуды талап етеді. Солардың бірі осы Көгерту ауылында. Өздеріңіз білесіздер әр шаңырақта бес, алты оқушы бар. Ал біздер сол оқушылардың сапалы білім алу үшін мектептер салып, білім базасын нығайтуымыз қажет. Бұл бағытта жүйелі жұмыстар жүзеге асады, - дейді Ақтөбе ауылдық округінің әкімі Ердаулет Жасұзақов.

Айта кетейік, №38 «Көгерту» бастауыш білім беретін мектебінде 70 оқушы білім алатын білім нысаны 1961 жылы пайдалануға берілген. Алғашында кәсіптік білім беру нысаны ретінде қолданылып, кейіннен ыңғайластырылған мектеп ретінде пайдаланып келінеді. Ауылдық елді мекеннің дамуы мен тұрғындар сұранысы негізінде жаңа мектеп салынатын жер телімі анықталды. Қос мектептің құрылысы келер жылы аяқталуы көзделген. 

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Сайрамда бірқатар азаматтар марапатталды
  • «Мәңгілік жаса, қыран елім Қазақстан» шарасы өтті
  • Ақындар елдікті жырлады
  • Туған жерді түлету - жастардың қолында
  • Балаларды отансүйгіштікке баулу парыз
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер