Түлкібас ауданына қарасты Б.Момышұлы атындағы жалпы білім беретін мектебінде қазақ тілі мен әдебиеті пәні бірлестігінің он күндік апталығы басталды. Апталыққа 5-11-сынып оқушылары мен мектеп мұғалімдері атсалысуда.
Осы он күндік аясында «Үлгерімі төмен білім алушылармен жұмыс жасаудың тиімді жолдары» атты тақырыпта ұйымдастырылған іс-шараның мақсатының бірі – білім сапасын арттыру болды. Оның ішінде үлгерімі төмен білім алушылармен жұмысты жандандыра отырып, сараланған тапсырмалар мен оқытудың тиімді тәсілдерін қолданып, сапалы білім беру көзделген болатын.
Мектеп басшылығының тапсырмасына сай он күндік аясында жоспарланған іс-шаралар барысында да басымдық үлгерімі төмен білім алушыларға қолдау көрсетуге бағытталды. Пән мұғалімдері сабақ барысында жетекші сұрақтар қою, жеке, топтық, ойын тапсырмалары арқылы білім алушылардың ынтасы мен қызығушылықтарын арттыру жұмыстарын жүйелі жүргізді. Сонымен қатар, ерекше білім беруді қажет ететін оқушылардың сабаққа қызығушылығын арттыру мақсатында да түрлі жұмыстар ұйымдастырылды және мектеп тренерлері «Үлгерімі төмен білім алушылардың айтылым, жазылым дағдысын қалай арттырамыз?» тақырыбында коучинг ұйымдастырып, мұғалімдерге әдістемелік көмек көрсетті.
Он күндік аясында ұйымдастырылған Мархабат Байғұтқа арналған «Мархабат оқулары» әдеби кеш те оқушылардың әдебиетке деген құштарлығын аша түсті. «Туған жердің түлегі, теңіздей терең – Мархабат» атты кеш қазақ тілі мен әдебиеті, бастауыш сынып мұғалімдері және кітапхана қызметкерлерінің ұйымдастыруымен жоғары деңгейде өткізілді. Іс-шараға қатысқан оқушылар жергілікті жазушы Мархабат Байғұттың шығармашылығына қанығып, әңгімелерін оқыды.
Әдеби кеште жазушының өмір жолы мен шығармашылығы туралы жұмыстар қорғалып, жазушы шығармаларын жан-жақты талдады. Жоғарғы сынып оқушылары қазақ жастарының Тәуелсіздік жолында ұл-қыздардың батырлығын бейнелейтін жазушының «Жоғалған жұрнақ» әңгімесінен және бастауыш сынып оқушылары салауатты өмір салтын ұстануға, табиғатты аялап қорғауға «Алмастың ағашы» әңгімесі бойынша сахналық қойылым көрсетті. Оқушылар жазушы еңбектерін жатқа оқып, талдады. Арнаулар, өлеңдер оқылды.
Он күндік аясында жазушының шығармаларына арналған кешке қатысқан қонақтар Мархабат Байғұттың жастарға айтқан ұлағатты сөздерін, шығармаларындағы тәрбиелі ой-пікірлерін жастарға үлгі етті, көп әдебиетшілерге қамқор, қайталанбас тұлға екеніндігін еске алды.